Sport
Мемлекеттік қызметшілер – футбол алаңында
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Спорт кешенінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі» атты мемлекеттік қызметшілер арасында футболдан аудандық турнир өтті. Жарысқа алты команда қатысты.
Жарысты аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов ашып, ойынның сәтті, тартысты өтуіне тілектестігін білдірді.
Ойын соңынан жеңімпаз болған командалар дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы Грамоталары мен кубок және медальдарымен марапатталды.
«Жаңа өмір» – ақпарат