Basty bet

Жауапты кезеңге қаншалықты дайынбыз?! аудан басшысы техникалардың дайындық барысымен танысты

Алда аса жауапты кезең саналатын қыс мезгілі тұр. Қылышын сүйрете келетін осынау қаһарлы қыстан мал-жанды қысылдырмай аман алып шығу – бәрімізге үлкен сын әрі жауапкершілік. Сондықтан қыс мезгілінің айтпай келетін «тосынсыйына» сақадай сай болып, кез келген жағдайдың алдын алуға әрекет еткеніміз ешқашан артық болмайды.
Өткен аптаның соңында Жуалы ауданында тосыннан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарларын жою, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің іс-қимылдарын одан әрі жетілдіру, аталған құрылымдарға қарасты қызметтердің қысқы кезеңге дайындық барысы тексерілді.
Өткізілген шараның мақсаты – қыс мезгілінде автомобиль жолдарының тау және қыр асулары, жолдардың қиын бұрылыстары мен өткелдерін қысқы күтіп-баптауды ұйымдастыру және құтқару жұмыстарын атқаратын техникалармен шұғыл әрекет ету қызметінің жұмысын тағы бір рет пысықтап алу.
Аталған маңызды іс-шараға аудан әкімі Жалғас Мұртаза қатысып, орталық алаңға қойылған техникалардың дайындық жұмыстарымен танысып, тиісті мекемелердің басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close