Basty bet
Ұлт мақтаныштары қылқалам тілінде
Танымал суретші, педагог, спорт шебері Қайшыбек Еркін Базарғалиұлының «Ер атағын ел сақтар» атты жеке шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы ұйымдастырылды. Көрме қазақтың даңқты тұлғалары — Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығы мен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің 75 жылдық мерейтойына арналды.
Суретшінің бұл тақырыпқа терең бойлауы кездейсоқ емес. Қайшыбек Еркін бала кезінен-ақ спорт әлемінің тыныс-тіршілігін жақыннан көріп өсті. Ол болашақ Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровпен бірге жаттығып, бір ортада шыныққан. Сол себепті суретші үшін балуан бейнесі жай ғана кейіпкер емес — ол өзі сезініп, бірге өткерген өмірдің бір бөлшегі. Оның картиналарындағы шынайылық пен ішкі қуат осы өмірлік тәжірибеден бастау алады.