Basty bet

Бокстан аудандық ашық біріншілік

Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылындағы спорт кешенінде халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері – Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына және 25 қазан – Республика күніне орайластырылып 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан Жуалы ауданының ашық біріншілігі өтті.
Жарысты өткізудегі басты мақсат – жас былғары қолғап шеберлерінің спорттық шеберлігін шыңдау, өңірде бұқаралық спортты дамыту.
Балғын былғары қолғап шеберлері арасында ұйымдастырылған жарысқа Жамбыл облысымен қатар, облыстың орталығы Тараз қаласы және Түркістан облысынан және өз облысымыздың Жамбыл, Байзақ, Тұрар Рысқұлов, Талас, Шу және Жуалы аудандарынан барлығы сегіз команда жалпы оның құрамында барлығы 111 жасөспірім өз бақтарын сынады.
Ашық біріншіліктің ашылуы салтанатты түрде өтіп, онда аудан әкімінің орынбасары Рақымғазы Құниязов құттықтау сөз сөйледі. Рақымғазы Нұрғазыұлы өз сөзінде, Жуалы өңірінде бокс спортының қарқынды дамып келе жатқанын және осынау қасиетті топырақтан елдің даңқын асқақтатып жүрген даңқты спорт шеберлерінің шығып жатқанын тілге тиек етіп, жарысқа қатысушы былғары қолғап шеберлеріне сәттілік пен жеңіс тілейтінін жеткізді.
Аудандық ашық біріншілікте АИБА төрешісі Айдамир Ералиев бас төрешілік етсе, сонымен қатар, кездесулерге облысқа белгілі төрешілер – Нұралы Бүйенбаев, Нұрхат Белгібаев, Айдана Бақытқызы, Ермек Сүлейменов, Сәкен Дайрабаев және Бағлан Жақсылық төрешілік жасады.
Ашық біріншіліктің қорытындысында жеңімпаз және жүлдегер атанған боксшылар Алғысхаттар мен медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Жаңа өмір»-ақпарат
Статистика и объявления
Продвигать публикацию
Нравится

Комментировать
Поделиться

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close