Basty bet
Әрбір адамның дауысы маңызды
20 қараша күні Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл – ашық сайлау, яғни арнайы референдум арқылы өтеді. Халық сайлауға қатысып, дауыс беру арқылы мемлекеттің басқару ісіне араласа алады. Ол – оның конституциялық құқығы.
Сайлауда барлық адамның дауысы маңызды. Сол себепті, сайлауға бей-жай қарауға болмайды. Жаңа, әділетті Қазақстан өзінен-өзі құрылмайды. Оны құру барысында қайрат пен ерік жігер, білім, реформалардың жүзеге асуына қаражат та қажет. Біз жаңа, әділетті Қазақстанды тек бірге құрамыз.
Елде соңғы болған Қаңтар оқиғасы да елімізді шыңдай түсті. Бұл кезең – үлкен мүмкіндіктің кезеңі. Дамыған елдердің тарихына көз жүгіртетін болсақ, олар да түрлі дағдарыстан кейін ғана алпауыт ел болып қалыптасқан. Ендеше, сондай әділетті қоғамды бірге құрайық. Барлығын өзімізден бастайық. Ол үшін ең әуелі сайлауға толық қатысайық дегім келеді. Бастысы, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Назгүл САТАРҚЫЗЫ,
оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы