Basty bet

Ел тағдыры үшін маңызды шешім қабылданатын күн

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауын 20 қарашаға белгіледі. Бұл күн – ел тағдыры үшін маңызды шешім қабылданатын күн. Себебі, Президент сайлауы әрбір тұрғын үшін маңызды. Қазақстан Республикасында тұратын, азаматтығы бар әр адам үшін сайлауға қатысып, өз дауысын беру – әрбіріміздің азаматтық парызымыз деп білемін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуде:
-“Менің белгілі бір ұйымнан емес, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік негізін қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан сайлауға қатысқаным дұрыс болады деп ойлаймын. Сондай-ақ бұл Мемлекет басшысының түрлі партиялардан, бірлестіктерден тең арақашықтық сақтау қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді.
Сайлау науқанын заңдарды қатаң сақтай отыра өткізуді қамтамасыз ету маңызды. Мен Мемлекет басшысы ретінде Президент сайлауының әділ әрі ашық өтетініне кепілдік беремін”, – деді Президент.
Бұл сайлау елдің мүддесі мен дамыған 30 елдің қатарына кіру, халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыру деген мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосады. Қазіргі таңда дәрігерлер мен мұғалімдер үшін жақсы жағдайлар жасалуда. Елімізде мұғалім болам деушілердің қатары артып, мамандықтың беделі артып келуде. Бұл да елдегі реформалардың дұрыс жұмыс жасап жатқандығының белгісі.
Ендеше, Президенттің кезектен тыс сайлауына барлығымыз қатысып, өз дауысымызды берейік. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық. Еліміздің жарқын болашағы үшін осы бастамаларға қолдау көрсетіп, реформалардың жүйелі жүзеге асуына үлесімізді қосайық дегім келеді.

Мейрамкүл ӨСКЕНБАЕВА,
№1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның педагог-психологы

Таңдаулы материалдар

Close