Basty bet

Қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері

Қазіргі таңда кез келген мемлекет үшін өзекті мәселелердің бірі болып мемлекеттік қаржы, мемлекеттік меншік, табиғи байлық, тағы сол сияқты маңызы жоғары ұлттық ресурстарды басқару тиімділігін арттыру табылады. Бұл мәселені шешуде мемлекет пен қоғамның бірлесе әрекет етуі үшін мемлекеттік аудит институты ерекше орын алады. Яғни, аудит бюджеттік қаражаттарды бөлудің бағыттылығын, мақсаттылығын және құқықтық негізделуін дәстүрлі тексеруден алшақтап, мемлекеттік ресурстарды тиімді, нәтижелі және үнемді пайдаланудың мемлекеттік аудиті сипатына ие болды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік аудит мемлекеттік қаржыларды басқару саласында атқарушы билік органдарының шешім қабылдауы мен оны жүзеге асырудың сапасына елеулі ықпалын тигізеді, сонымен қатар олардың қызметтеріндегі жауапкершілікті, ашықтық пен есеп берушілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалауға негізделген мемлекеттік аудиттің түрі болып табылады.
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ретінде, өз құзіреті шегінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді.
Департаменттің 2022 жылға бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қаржы бөлімі) шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізіліп, нәтижесінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында» белгіленген көлемде және нысандар бойынша қаржылық есептiлiктерін жасау мен ұсынудақаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соққан бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Қаржы бөлімінің қаржылық есептілігі бойынша аудит барысында анықталған жалпы сомасы 339,3 мың теңге қаржылық бұзушылық және жалпы сомасы 5033,4 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар есепке алу көрінісімен қалпына келтіріліп, есепті кезең үшін қаржылық есептілікке түзетіліп, дұрыс енгізілді. Бүгінгі күнге Департаменттің ден қою шаралары арқылы анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер Қаржы бөлімі тарапынан толық қалпына келтірілді.
Департамент тарапынан бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылатынын ескере отырып, бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін белгіленген тәртіппен қарау, алдағы уақытта заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық актілерді, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жетік меңгеру мақсатында есеп бөлімі мамандарының біліктіліктерін арттыру бойынша ішкі мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша ұсынымдар беріліп, аудит объектісі тарапынан нұсқама мен ұсынымдар толық орындалды.

М.Егембердиев,
Жамбыл облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close