Basty bet

Жамбылдықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 44,8 млрд теңгеден астам қаржы аударды

2022 жылдың қыркүйек айында облыс бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 1,7 млрд теңгеден астам аударым мен жарна аударылған.
«2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2022 жылдың 30 қыркүйекке дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Жамбыл облысының тұрғындары 44,8 млрд.теңге аударды, оның ішінде 27,6 млрд. теңге (61,6%) – жұмыс берушілердің аударымдары 17,2 млрд. теңге (38,4%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық — құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдардың жарналарына тиесілі», – деп хабарлады “ӘМСҚ” КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ляззат Алимова.
Аудандар бөлінісінде ең көп аударым Тараз қаласынан, Қордай және Шу аудандарынан түсіп жатыр.
МӘМС үшін түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты жасалған Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге бағытталатын болады.

«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның
Жамбыл облысы бойынша
филиалы

Таңдаулы материалдар

Close