Basty bet

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау мәселесі талқыланды

Жуалы аудандық сотының төрағасы Б.Б.Абуев қайтыс болудың фактісін анықтау мәселесі бойынша құққықорғау және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу өткізді.
Шараға соттың төрағасы Б.Абуев, прокурор С.Баубеков, полиция бөлімінің тергеушісі Т.Бөкенбаев, АХАЖ-бөлімінің инспекторы Г.Зиявова, орталық аурухананың дәрігер-статисті Е.Қамбарбеков, Жуалы ауданының бас имамы А.Ақмамбетов және Билер кеңесінің мүшелері қатысты.
Кездесу барысында соттың төрағасыБ.Абуев қайтыс болу фактісін анықтау істері бойынша ағымдағы жылдың 9 айының мәліметтерін жария етті, аталған көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда жоғарылағанын атап өтті.
Соған байланысты, соттың төрағасы тұрғындардың өздерінің туыстарының қайтыс болу фактісін уақтылы тіркеу қажеттігі туралы мәселесін қозғады.
Соттың төрағасы ауданның бас имамына, жергілікті тұрғындарға туыстарын жерлеу кезінде қайтыс болу фактісін тиісті органдарға хабардар етуде қол ұшын беруге шақырды, бұл өз кезегінде заңдылық дәлелдеме болып табылады және келешекте азаматтардың соттарға қайтыс болу фактісін анықтау бойынша арызбен жүгінуге қажеттігі туындамайды.
Полиция тергеушісі Т.Бөкенбаев өз баяндамасында да азаматтардың өздерінің туыстарының қайтыс болу фактісін уақытылы тіркемеудің құқықтық салдарының болатынын атап өтті.
Шара аталған тақырып бойынша өзара пікір алмасумен жалғасып соңында ұсынымдар беріліп ортақ мақсаттар жасалды.
Үміт Мадиярбек,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close