Basty bet
Тағайындау
Жуалы ауданы әкімінің 2026 жылғы 28 шілдедегі №235-Ж/Қ өкімімен Төлегенов Айдар Төреханұлы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
ТӨЛЕГЕНОВ АЙДАР ТӨРЕХАНҰЛЫ
1978 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданының Диқан ауылында дүниеге келген. 2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Жер кадастры» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2001 жылы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы болып бастаған ол әр жылдары жер инспекциясы жүйесінде, Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінде түрлі жауапты қызметтерді атқарған. Соңғы қызметі – аталған департаменттің жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы.
А.Төлегенов жер қатынастары саласында көп жылдық тәжірибесі бар білікті маман.