Basty bet

ШҚ басшылары мен кәсіпкерлерді хабардар ету тапсырылды

Апта ішінде Ақсай ауылдық округінің Қайрат ауылында аудандық статистика басқармасының жетекші маманы Ж.Есалиевтың және Ақсай ауылдық округі аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен статистикалық түсіндірмелерге байланысты жиын өтті.
Жиынның мақсаты – «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңынына енген өзгерістер мен толықтырулар туралы ауылдық округтегі шаруалар мен кәсіпкерлерді хабардар ету.
Басқарма мамандарының айтуынша, 2024 жылғы 6 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 12-1 және 12-2-баптары жаңа редакцияда қабылданды. Аталған өзгерістер БАҚ беттерінде жарияланған күннен 60 күн өткен соң (2024 жылғы 8 маусымнан бастап) күшіне енді.
Сонымен қатар, мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы сақтау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі өзгертілді. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзімдерде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбауы анықталған кезде респонденттер профилактикалық бақылау жүргізбестен айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылатын болады. (бұрын профилактикалық бақылау жүргізіліп, қорытындылар жіберілген, бұл респонденттерге айыппұл санкцияларын салмай есепті тапсыруға мүмкіндік берді).
Сөз соңында округ мамандарына жоғарыда көрсетілген өзгерістер туралы аумақта орналасқан шаруа қожалық басшылары мен жеке кәсіпкерлерге құлақтандыру және ескерту тапсырылды.

Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close