
Жуалы ауданында республикалық референдумға байланысты дауыс беру басталған сәттен-ақ аудан ақсақалдары белсенділік танытты. Ел болашағына бейжай қарамайтын қариялар таңсәріден дауыс беру учаскелеріне келіп, алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады.
Ақсақалдар жастарға үлгі көрсетіп, елдің келешегі үшін әр азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтті. Олардың ерте келіп дауыс беруі – азаматтық жауапкершілік пен бірліктің айқын көрінісі.