Basty bet
Ашық сот отырысы
Жақында Жамбыл облысы Жуалы аудандық прокуратурасы мен аудандық пробация қызметінің бастамасымен бірлесіп ашық сот отырысы өткізілді. Ашық сот отырысында пробация қызметінің бақылауында болған бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болған сотталған азаматтың бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынымы қаралды.
Сотталған азамат пробация қызметінің бақылауында бола тура сот жүктеген міндеттерді және жаза өтеу тәртіптерін қасақана бұзған. Жуалы аудандық соты пробация қызметінің ұсынымын қарап сотталған азаматтың бас бостандығынан шектеу жазасын өтелмеген бөлігін, яғни 2 (екі) жыл 10 (он) ай 28 (жиырма сегіз) күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Аталған ашық сот отырысына есепте тұрған сотталған азаматтар қатыстырылып қайта қылмыс жасаудың алдын алу және құқықбұзушылықты болдырмау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бағлан Бекмолдаев,
аудандық пробация қызметінің
аға инспекторы, әділет капитаны