Qoǵam

«IQANAT» олимпиадасының жеңімпазы

Өткен оқу жылында республикалық «IQANAT» олимпиадасына ауыл мектептерінен 30 мың оқушы қатысып, өз білімдерін сынға салды. Екі кезең барысында жеңімпаз атанған 694 оқушының қатысуымен үстіміздегі жылдың 1-5 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Назарбаев» университетінің ғимаратында «IQANAT» олимпиадасының аудандық кезеңдерінің жеңімпаздарының слеты өткізілді. Слет аясында физика, математика, әдебиет, ағылшын тілі пәндерінен республика жеңімпаздары анықталды. Жамбыл облысынан слетке қатысқан 40 оқушының төртеуі біздің жуалылық оқушы. Олар да жеңімпаздар қатарынан табылып, арнайы марапатқа ие болды. Жеңімпаздардың барлығы 9 сыныпта оқиды. Олар: №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің оқушысы Қанағат Сәбит (ұстазы – Роза Қайназарова), №24 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептен Бақдәулет Киікбай (ұстазы – Ақмарал Бейсенова), №1 мектеп-гимназияның оқушысы Шолпан Жақсылықова (ұстазы – Айман Омарова) және №28 Амангелді атындағы орта мектептің оқушысы Кәмила Керімжан (ұстазы – Аида Байжігітова).
Слетте Қанағат Сәбит еліміздің көркем жері Бурабайда орналасқан «Iqanat Kazakh-English High School» мектебіне 2020-2021 оқу жылынан бастап оқуға жолдама алды.

Талғат Саурбаев,
аудан әкімдігі
білім бөлімінің әдіскері

Таңдаулы материалдар

Close