Qoǵam

Зорлық-зомбылық құрбандарына кеңес береді

Орын алып жатқан түрлі тұрмыстық зорлық- зомбылықтың, адам құқықтарының тапталуының, діни ағымдар зардабының, азаптаулардың алдын алу мақсатында республиканың барлық облыстарында дағдарыс орталықтары ашылып, жұмыс жүргізуде.
Осындай қадамдардың бірі болып, «Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының» Жуалы аудандық кеңес беру кабинеті 2020 жылдың ақпан айынан өз жұмысын атқаруда. Қиын өмірлік жағдайға түскен нәзік жандылар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болып, әлеуметтік-психологиялық зардапқа ұшырап, сонымен қатар, экономикалық зорлық-зомбылық көріп, тіршілік қызметі үшін ақшалай қаражаттан, тұрғын үйінен де айырылғандары кездеседі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету және кеңес беру кабинетінің қызметі облыс деңгейінде жүзеге асырылатын болғандықтан, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікке тап болған адамдар, қатыгездік пен зорлық-зомбылық қаупі салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары деп танылған жағдайда, оларға стандарт бойынша 8-бағытта көмек көрсетуге толық мүмкіндігіміз бар.
Біздің мақсатымыз – көрсетілетін қызметтерді алушы әйелдерге шұғыл әлеуметтік, психологиялық көмек пен қолдау көрсету. Ажырасу сатысында тұрған отбасын қоғамға әлеуметтендіру және қайта ықпалдастыру процесіне жәрдемдесу, консультацияға келген аналар мен балаларының жеке басының және олардың жеке өмірінің құпиялылығын сақтау. Қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге дұрыс шешім қабылдауына, қажетті кеңес айтып, жағдайды ақылмен саралауға мүмкіндік беру. Соңғы шешімді өздері қабылдайды. Әрине, олар шаңырақтарына қайта оралып жатса, біз қуаныштымыз.
Көрсетілетін қызметтерді алушыларды әлеуметтік оңалту, олардың азаматтық, мүліктік және өзге де құқықтарын қайта қалпына келтіру мәселелерін шешу жолында жергілікті атқарушы органдармен, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер, әділет органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасалуда. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі ауылдық елді мекендерде сын мен міннен қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осынау мәні терең мәселеге байланысты әйелдер мен қыздар арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытын да тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Кабинеттің мекенжайы: Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, Рысбек батыр көшесі, №62 (Бауыржан Момышұлы ауылы әкімі аппаратының ғимараты), әлеуметтік және психологиялық кеңес беру кабинеті. Қабылдау күні мен уақыты – дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00 аралығында.
Біздің «Сенім» телефондарымыз: 8-702 395 7920; 8-702 164 52 95 тәулік бойы жұмыс істейді.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының» Жуалы аудандық кеңес беру кабинеті

Таңдаулы материалдар

Close