Basty bet

«Қамқор» қайырымдылық дүкені жұмыс үстінде

Жуалы ауданы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің жанынан құрылған «Қамқор» қайырымдылық дүкені тұрақты жұмыс атқаруда. Қайырымдылық дүкенінде әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасыларына және азаматтарға қажетті киім-кешектермен қамтамасыз етілген.
Қайырымдылық жасау — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Көмекке мұқтаж жанның жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.
Қоғам үшін ең маңызды дүние – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік танытқан сайын өз өміріне де соншалықты жақсылық жасап, жақсылыққа қадам бастап жатқандығын ұмытпаса керек.
Ауданымыздан ашылып, тұрғындар үшін жұмысын тұрақты жүргізіп отырған «Қамқор» қайырымдылық дүкенінің мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардың балаларына және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы азаматтарға әлеуметтік т.б. себептер (киімдер, аяқ киім, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу мақатында көмектер көрсетілуде. Қиналғанда қасыңнан табылып, рухани болсада көмек көрсету сол жанның қуанышын көру қандай бақыт.
Қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады.
«Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің», «Бір қолың жасаған жақсылықты екінші көзім көрмесін» деп әрбір сөзін тегін айтпаса керек. Байлықтың кілті – қайырымдылық жасауда, мұқтаж жанға қол созуда екендігін әсте ұмытпауымыз керек. Әлеуметтік көмектің пайдасын көрген азаматтарда қоғам үшін өз ортасы үшін жақсылық жасауға ұмтылары, талпынары сөзсіз.
Экономикасы дамушы, өсіп, өркендеген, халықтың әл-ауқаты жақсарған, саясаты нық, білгір, білімді басшымыздың арқасында әлеуметтік көмекті қажет етуші отбасылардың жағдайының реттелуін қалаймыз!
Құрметті аудан тұрғындары! Қажет болған жағдайда 2-04-85 немесе 8-778-350-08-05 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Көмек қолын созып, қайырымдылық жасаймын деген азаматтар үшінде мүмкіндіктеріңіз бар!

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы»

Таңдаулы материалдар

Close