Basty bet

Азық-түлік бағасының тұрақтылығы – басты назарда

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысын, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхамеджан Әсемов ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – азық-түлік бағасының тұрақтылығы туралы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шыңғыс Боранбаев баяндама жасады. Ол алдымен аудан аумағында 19 әлеуметтік азық-түлік тауарының 11 түрі ауданымызда өндірілетінін және қалған 8 түрі шет облыстардан келетінін мәлімдеді.
– Аудан аумағында әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және қысқы мерзімге сақтау бойынша Түктібай ауылындағы «Злиха» шаруа қожалығының көкөніс өнімдерін сақтау қоймасы белгіленіп, бүгінгі күнге 500 тонна картоп, қырыққабат 100 тонна, сәбіз 50 тонна жинақталу туралы келісілді. Алдағы уақытта көкөніс қоры жинақталып аудан аумағындағы азық-түлік дүкендеріне төмен бағада сатылымға шығарылатын болады, – деді Шыңғыс Мақұлбекұлы. Сонымен бірге, ол баяндамасында аудан аумағындағы кәсіпкерлермен 5 форвардтық келісім-шарттар жасалынғанын жеткізді.
Одан бөлек, аудан аумағындағы азық-түлік тауарларына сатып алу түбіртегін бермеуі бойынша 19 әкімшілік іс қозғалып, ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылғанын және аудан бойынша кірістер басқармасына түбіртек берілмеу жағдайы бойынша түсірілген бейнежазба жолданып, аталған бейнежазбалар бойынша дүкен басшысына әкімшілік іс қолданылатындығын баса айтты. Сондай-ақ, ол ӘМАТ тауарлардың бағасын төмендету және тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Баяндамашының баяндамасын тыңдай келе, комиссия мүшелері бірауыздан аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне, аудан аумағында 19 әлеуметтік азық-түлік тауарының баға тұрақтылығын назарда ұстауын және апта сайын мониторинг жұмыстарын және азық-түлік тауарларына сатып алу түбіртегін тұтынушыларға беру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуін тапсырды. Сонымен қатар, әлеуметтік азық-түлік тауарының баға тұрақтылығын ұстау бойынша аудандағы шаруа қожалықтармен, жеке кәсіпкерлермен және азық-түлік бағасының тұрақтандыру қорын ашу бойынша жұмыстар жүргізуді және баға тұрақтылығын зерделеу мақсатында салық басқармасынан тауардың зауыттан шыққан өзіндік құнының жүкқұжатымен таныстырылуы туралы Қаулы қабылдады.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close