Basty bet

Ауылдан жеткен ақпарат

Ақсай

Диқан орта мектебінің ескі ғимараты аудандық «Аула клубы» мекемесінің филиалы ретінде пайдалануға берілді.
Мүнда алдағы уақытта жасөспірімдер мен жастарды қосымша үйірмелер мен спорт секциялар арқылы білімін дамытуға және шынығып қалыптасуына барлық жағдай жасалатын болады.

Мыңбұлақ

Ауылдық округке қарасты Көлбастау ауылындағы Қ.Рысқұлбеков, Ә.Рысбек, Ә.Байтоқов, Б.Майлин көшелеріне және Талапты ауылындағы Сыпатай батыр көшелеріне асфальт жамылғылары төселді. Сонымен қатар, Желтоқсан көшесі демеушілер есебінен жөнделді.
Жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен тиісті қаражат қарастырылды.
***
Көлбастау ауылының тұрғыны Гүлханша Жүнісованың үйінің шатыры «Асарлатып үй салу» жобасымен жаңасына ауыстырылды. Бұл сауапты іске жүрегі ізгі ауыл азаматтарының демеушілігімен 400 мың теңге қаражат жиналды.

Нұрлыкент

Ауылдық округтің орталығы Нұрлыкент ауылының тұрғыны, жалғызбасты, көпбалалы, аз қамтылған отбасы Мухаббат Тәжібаеваның үйіне «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл игілікті іске демеушілер тарапынан қаражат қарастырылды. Құрылыс материалдары толық жеткізіліп, жоспарға сәйкес жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айының 14-і күні толықтай аяқталды.
Атап айтар болсақ, тұрғын үйдің шатыры толықтай профнастилмен жабылып, ағаш балкалары мен рейкалары жаңасына ауыстырылды. Сонымен қатар, есік, терезелері жаңартылды. Алдыңғы бөлмелерінің қабырғалары құмблоктармен қаланып, тұрғызылды. Сыртқы қабырғалары толық құм сылақпен сыланды. Ескі ағаш қақпа темір қақпаға ауыстырылып, қоршау тұрғызылды.
Үйдің батыс жақ бөлігіндегі қабырға профнастилмен қапталып, толықтай сырланып, әктеліп, боялды. Барлық жөндеу жұмыстарына 1 миллион 500 мың теңге қаражат жұмсалды.
***
Ауылдық округ әкімінің есебінде көтерілген мәселелердің бірі – Түктібай-Сұрым бағытындағы облыстық мәндегі жолда қауіпті көпірді жөндеу жұмыстары қолға алынды. Оған аудандық бюджеттен қаражат қарастырылып, мердігер жаңа көпір салу жұмыстарын жүргізу үстінде.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close