Basty bet
Жасампаздық және Жаңашылдық
Жасампаздық және Жаңашылдық. Бұл – өте жылдам әрі қарқынды дамып жатқан қазіргі әлемде ұлттың бәсекеге қабілетті болуының басты шарттары. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы «Озық дамыған мемлекет құру үшін біздің азаматтарымыз жаңаша ойлай білуге және жасампаздыққа ұмтылуы керек» деген сөзімен-ақ Жасампаздық пен Жаңашылдық құндылығының не үшін қажет екенін және оның мәні мен маңызын айқын әрі дәл анықтап берді.
«Алдымызда үш айрық жол тұр: құлдырау, тоқырау немесе өрлеу. Біз әрдайым өрлеуді таңдаймыз». Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бірауыз сөзі бүгініміз бен болашағымыздың негізгі бейнесін «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген бір-бірінен бастау алатын әрі өзара тығыз байланысты үштаған ұғымға тоғыстырып отыр. Құрылтайда айтылған ойлар мен пікірлер, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекет құрамыз» деген сөзі ел еңсесін көтеріп, болашаққа деген сенімді нығайта түсті. Ақиқатында, біз Президент айтып жүрген «Жасампаз халық болуымыз қажет!».
Әбуғали ЕРАЛИЕВ,
аудандық әкелер кеңесінің төрағасы