Basty bet

Telegram Чат бот @SalyqBot – сандық салық кеңесшісі

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, салық және кеден мәселелерін халыққа түсіндіру, халықты хабардар ету және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram-да Чат-боты іске қосылғанын хабарлайды. Чат-ботты 2022 жылдың 1 наурызынан бастап «@SalyqBot» атауымен немесе https://t.me/salyqbot тікелей сілтемесі арқылы табуға болады. @SalyqBot – сандық салық кеңесшісі, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген, өте пайдалы келесі функциялары бар:
– пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде алуына мүмкіндік береді;
– салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;
– қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;
– жеке немесе заңды тұлғаның қажеттілігіне байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;
– пайдаланушыларға МКК қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар арқылы мәлімет береді;
– заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.

Таңдаулы материалдар

Close