Basty bet

Ауылдан жеткен ақпарат

Ақсай

Аудандық мәслихаттың депутаты, ауылдың жанашыр азаматы Мұхамеджан Тұрсынбайұлы бастап, ауыл жастары қоштап демеушілік жасап Ақсай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Құрмашев Кәрібай қарияны Меккеге кіші қажылық парызын өтеуге жіберді.

Көкбастау

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен ауылдық округке қарасты Көктөбе ауылдық клубында қазақтың қаһарман, батыр қызы Мәншүк Мәметоваға 100 жыл толуына орай «Қазақтың батыр қызы» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Жас ақындардың басын қосқан бәсекеге ауданымыздан барлығы 15 жас ақын қатысып, бақ сынасты.
«Қазақтың батыр қызы» атты жас ақындар арасындағы аудандық мүшәйрада І орынды №15 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Еділбай Ақбота жеңіп алды. Ал ІІ орын Билікөл ауылдық округінен келген Манат Салтанатқа берілді. ІІІ орынға №16 С.Сейфулин атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Серік Гүлдана иелік етті.«ҮЗДІК ЖАС АҚЫН» номинациясы №5 М.Ломоносов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Аманбай Кенжебекке берілді.

***

Ауылдық округтің спорт нұсқаушысы Б.Сағынғановтың ұйымдастыруымен және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері О.Шымыр мен Ш.Махашовтың атсалысуымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектепте “Streetball” дан оқушылар арасында жарыс өтті.
Жарысқа №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектеп және №30 Көктөбе орта мектептерінен жасақталған ұлдар және қыздар арасындағы командалар қатысты. Ұлдар арасында I орынды С.Сейфуллин атындағы орта мектеп құрамасы алса, қыздар арасынан I орынды Көктөбе орта мектебінің құрамасы алды.
Жүлделі орын алған командалар аудандық «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының» дипломдарымен марапатталды.

Қызыларық

Ауылдық округке қарасты Алатау ауылындағы Шет көшесіне бұрылыстарымен бірге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер “ЖІГЕР-2004” ЖШС жүргізген жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен тиісті қаражат қарастырылып, бүгінгі күні жұмыстар толық аяқталды.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close