Basty bet
Тұншықтырғыш газбен улану жағдайындағы жасалуы қажетті алғашқы көмек
Жеңіл улану кезінде (егер іс бас айналу мен жүрек айнуымен шектелген болса) әдетте адамды таза ауаға шығару (немесе көтеріп шығару) жеткілікті болады. Бірақ оның жағдайы толығымен қалыпқа келгенге дейін байқаңыз, егер қажет болса, уақытында көмекке келу үшін кез-келген өзгерістерге назар аударыңыз.
Ауыр уланулар мен орташа ауырлықтағы зақымдануларда, әдетте, ауруханаға жатқызу қажет. Және кез-келген жағдайда медициналық көмексіз әрекет етуге тырыспаңыз — «жедел жәрдемді» тез арада шақырыңыз.
Өрт кезінде “101”-ге хабарласыңыздар. Құтқару қызметінің телефоны “112”.
Атап айтқанда: 2025 жылы 04-ші желтоқсан күні 07 сағат 50 минутта Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Аль-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің тұрғындары газ плитаның духовкасын жағып үйді жылытып тұрмыстық улы газға (угарный газ) уланып Жуалы аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне 5 адамның түскендігі анықталды.
Құрметті аудан тұрғындары тұрғын үйлеріңізді жылытатын пештің және құбырының тазалығы мен ақаулығы жоқтығын үнемі тексеріп отыруларыңызды сұраймыз!!!
Жуалы ауданы ТЖБ