Basty bet
Балаларды Тері ауруларынан қорғайық
Балалардың терісі – бала ағзасының күйін көрсететін айнаға ұқсас. Ол жұқпалы, аллергенді, физикалық және химиялық факторлардың әсеріне өте сезімтал. Теңгерімді тамақтану, иммундық жүйені нығайту, табиғи компоненттерден тұратын витаминдік кешендерді қолдану аурулардан сенімді қорғайды және мықты денсаулықты қалыптастырады.
Балалардағы тері ауруының себептері
Терінің зақымдануы әртүрлі жағдайларда туындауы мүмкін, олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Балалардағы тері ауруларының туындауына әсер ететін ішкі факторлар:
– әлсіз иммунитет;
– эндокриндік жүйенің бұзылуы;
– қабыну процестері;
– ас қорыту, қанайналым, жүйке жүйелерінің жұмысындағы бұзылулар;
– іріңді ошақтар;
– гельминттермен инфекция;
– балалардағы туа біткен тері ақаулары;
– химиялық агенттердің ағзаға енуі.
Егер баланың терісінде өзгерістер пайда болса, міндетті түрде дерматологпен кеңесу керек. Кішкентай науқасты мұқият тексергеннен кейін дәрігер пайда болған ауруға ем тағайындайды. Тері ауруының созылмалы ағымы дерматологтың үнемі бақылауын қажет етеді.
Балалардағы тері ауруын емдеу кезінде әртүрлі әдістерді (біріктіріп) қолдануға болады:
• дәрі-дәрмектік (сыртқы және ішкі);
• гомеопатиялық;
• седативті терапия;
• психотерапиялық сессиялар;
• арнайы табиғи кешендер;
•шөптердің инфузиясы мен қайнатпалары.
Балалардағы аллергиялық тері ауруларын емдеу организмнен қоздырғыштарды жоюға негізделген. Белдік теміреткіден емдеу үшін вирусқа қарсы препараттар, анальгетиктер қолданылады. Нәрестені дәрілік түймедақ немесе итошаған қайнатпасында шомылдыру арқылы терлеуден пайда болған бөртпелерден арылуға көмектеседі.
Тері жұқпалы ауруларының бірі қышыма қотыр (чесотка). Оны қышыма қотыр кенесі таратады. Қоздырғыш адамның терісіне жұққан сәттен- ақ өзіне жайлы орын жасай бастайды. Ұрғашысы адамның терісіне енгеннен кейін жылдам көбейеді, яғни теріге жұмыртқа салады.Бірер күннен кейін онысы құртқа айналып, бір аптадан соң ересек қотыр кенелері пайда болады. Демек қышыма кене адам үшін өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2 -0,5 миллиметрден аспайды, сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады.
Қышыма қотыр адамнан адамға жылдам жұғады. Әсіресе отбасы мүшелеріне тез тарайды. Яғни қышымамен ауырған адаммен тікелей қарым-қатынаста болғанда, сондай-ақ олардың пайдаланған төсек орындарын, іш киімдерін, киім-кешектерін, сүртінетінорамалдарын, жөкелерін басқа да заттарын пайдаланғаннан жұғады. Сондықтан тиісті тазалық талаптарын сақтау қажет. Эпидемиологиялық тексеру нәтижелеріне қарағанда қышымамен әлеуметтік жайсыз және тұрмысы нашар отбасындағы адамдар жиі ауыратын көрінеді. Қышыма жұқтырған адамдардың ең көп саны мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында жаңа ұжымдар құрылғанда, яғни күзгі – қысқы уақыттарда тіркеледі
Қышыма, дерматомикоз сырқатын жұқтырмау үшін манадай қарапайым жалпы гигиеналық ережелерді орындау қажет:
• әрбір 5-6 күн аралығында моншаға түсіп жуыну;
• іш киімдерді және төсек жаймаларын жиі-жиі ауыстырып, оларды жуып, үтіктеу;
• әр адамның жеке сүлгісі және басқа да тұтыну заттарының болуы;
• үйге келеген соң міндетті түрде қолды сабынмен жуу;
• жаңадан сатып алынған киім – кешекті, іш киімді және төсек жаймаларын міндетті түрде үтіктеу;
• жан-жануарлармен қарым – қатынаста болғаннан соң қолды мұқият жуу;
• сау адамдарды, аурудан оқшалау;
қышыма, дерматомикоз аурыуына сәл күдіктенгенде дереу « Жамбыл облысы тері – венерологиялық диспансері» көріну қажет. Дәрігерге ерте қаралу айналасындағы адамдарға қышыманың таралмауын және одан тез сауығуын қамтамасыз етеді.
Қандай жағдайларда балалар дерматологына жүгіну керек
Ата-аналар үшін тіпті кішігірім «безеулер», қызарулар аурудың дамуының бастауы болуы мүмкін екенін түсінуі керек.
Дәрігерге қаралу керек, егер балада:
• терінің түсі өзгерді: ақшыл немесе қара тығыз жерлер пайда болды;
• жаралар, қыртыстар, көпіршіктер пайда болды.
• бөртпе пайда болу аясында температураның өсуі байқалады;
• ауру кезінде беті қызарып және тұрақты қабыршықтану пайда болды;
• мысықпен немесе итпен қарым-қатынастан кейін дақтар пайда болды;
• бөртпелер аймағында терінің ауыруы пайда болды;
• кене немесе басқа паразиттің шағуы туралы күдік бар.
Балаларды үнемі немесе белгілі бір мезгілде мазалайтын қышу, күйдіру, ауырсыну және басқа да жағымсыз көріністерді елемеуге болмайды. Осындай жағдайларда бала көбінесе жылап, тітіркенеді.
Балалардағы тері ауруларының алдын-алу
Тері ауруының алдын алу үшін қажетті жағдайларға мыналар жатады: теріні таза ұстау, ауа өткізетін материалдардан жасалған киім кию, жақсы және ұзақ ұйқы, таза ауада үнемі серуендеу, абразиялар мен жараларды уақтылы емдеу, иммундық жүйені нығайту.
Сондай-ақ, баланың дамуы үшін, оны аурудан қорғау үшін өсіп келе жатқан ағзаны барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету маңызды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары – табиғи дәрумендер мен минералдар. Тері аурулары көбінесе мектеп жасындағы балаларда кездеседі, бұл ауру жұқпалы жұғу жолы жанасу арқылы болғандықан, балаңыз қандай да бір спорт үйірмелеріне баратын болса ол үйірме өтетің мекеменің тазалығы ата-ананы бей жай қалдырмауы қажет. Үйірме өтетін мекеменің ішінде жеке бас тазалығы қатаң сақталуын қамтамасыз етілгеніне көз жеткізіңіз. Егер бала тері ауруын жұқтырып келген болса баланы тез арада оқшаулап, дәрігерге жүгініңіз. Үйіңіздегі басқа отбасы мүшелеріне жұғып кетпеуін ата-ана қадағаласа, бұл ауру өршуін тоқтатады.
Тері зақымдануы пайда болған кезде дәрігерге уақтылы жүгініңіз. Балаларды витаминдермен, микро – макронутриенттермен, минералдармен қамтамасыз етіңіз.
Сәнімгүл Тілеш,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы