Basty bet
2023 жылдың 3 айында Жуалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында әлеуметтік – еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы
Жуалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен ағымдағы жылдың 3 айында төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
– Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу – 1261;
– Жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыз ретінде тіркеу-1044;
– Тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру – 923;
– “Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру” қызметі – «е-gov» порталы арқылы тек электрондық түрде;
– «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» – қызметі бойынша – 2477 адамы бар 445 отбасының өтініштері оң шешімін тауып, АӘК тағайындалды (оның ішінде: шартсыз ақшалай көмекке – 303 адамы бар – 69 отбасына; шартты ақшалай көмекке – 2174 адамы бар – 376 отбасына);
– «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»- қызметі «е-gov» порталы арқылы тек электрондық түрде.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында мекеме қызметкерлерімен азаматтарға қызмет көрсету барысында тікелей байланыстарын барынша азайтуға, электрондық құжат айналымын кеңейтуге, қашықтықтан қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында «еnbek.kz» интернет ресурсын пайдалану іс-шаралары нығайтылып, кеңейтілді.
Мекеменің өзіне-өзі қызмет көрсету аумағында азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және электрондық қызметтердің мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, өздері өздеріне қызмет көрсету арқылы уақыттарын үнемді пайдалануды ұйымдастыру шаралары жалғасуда.
Халықты жұмыспен қамту орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету аумағында жалпы – 1190 азамат enbek.kz порталындағы «Еңбек биржасы» интернет-ресурсын пайдаланып, оның ішінде – 580 азамат үйретіліп, жұмыс ізденуші – 598 азаматтар түйіндемелерін енгізді. Сонымен қатар, жұмыс берушілер өздеріндегі бос жұмыс орындары туралы мәліметтерін енгізіп, оларға осы портал арқылы тиісті қызметтер көрсетілді; бос ваканттық жұмыс орындарына – 352 адам орналастырылды.
Халықты жұмыспен
қамту орталығы