Basty bet
Кемел суреткердIң әдеби понaрамасы
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі үстіміздегі жылы қазақстандық ақын-жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафонын» ұйымдастыруда.
Осыған сәйкес, Шақпақ ауылдық округіне қарасты генерал Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында ақын, Қазақстанның халық жазушысы Дихан Әбілевтің туғанына 115 жыл толуына орай «Кемел суреткер» әдеби понарама өтті.
Шараның мақсаты – қазақ поэзиясында өзіндік орны бар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, рухани-адамгершілік қасиеттерді оқырмандар бойына сіңіру, ақын шығармашылығын насихаттау.
Әдеби понарама алдымен ақын Дихан Әбілевтің «Баянтау» өлеңіне арнайы түсірілген бейнероликпен басталды.
Шараны №28 Амангелді атындағы орта мектептің оқушылары Қазына Қалмахан және Нұрасыл Қалмахан жүргізді.
Сонымен қатар, шара барысында аталған мектептің оқушылары Алтынай Аманғазы ақынның өмірбаянымен таныстырса, «Толғанудан – толғаныс» өлеңін Аида Ашықбай, «Балалық шақ» өлеңін Нұрайлым Бауыржанқызы, «Билете бермей заманға» өлеңін Іңкәр Молдахан, «Ғалымға» арнауын Айфариза Әбу, «Қазақ бар – әлем барда жер бетінде» өлеңін Аяжан Бауыржанқызы мәнерлеп оқыды.
Сондай-ақ, Әлихан Бейсенбек «Ауылым» әні орындады.
Кітапханашы Сандуғаш Дербісәлиева дайындаған кітап инсталляциясымен, «Қалам мен заман» ауызша журнал, «Кемел ойдың кемеңгері» әдістемелік-библиографиялық құрал, «Көркемсөз шебері» библиографиялық көрсеткіш, «Сөз әлемінің сардары» ақпараттық-жарнамалық флайермен таныстырып өтті.
Кітапхана әдіскері Сәрсeкүл Қосарова «Өлең – меруерт, жыр мұхит тереңінде» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Салтанат Біланқызы кешті қорытындылап, іс-шараға қатысқан оқырмандарды Алғысхатпен марапаттады.
Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»