Qoǵam

Кеселмен күрес – баршаға ортақ

Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздікте кеңінен қолданылады және оның тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық пен сатқындық танытуы.

Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп-өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Әсіресе, қарапайым халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметте жүрген адамға үлкен сенімді орнықтыру мәселесі басты мәнге ие. Сондықтан әрдайым мемлекеттік қызметкерлердің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен жеке басының тәртібі талап етіліп, баға берілуі қажет. Мемлекеттік қызметкелердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.
Мемлекетік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайдылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.
Осыған орай Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңы аясында тиісті іс-шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді. Атап айтқанда, жыл бойы сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын іске асыру жөнінде бірқатар «дөңгелек үстелдер» мен семинар сабақтары өткізіледі, өз қатарымызда құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында мемлекеттік мекеменің басшылығымен күнделікті жұмыс алдында мемлекеттік кірістер басқармасының мамандарымен нұсқаулық жүргізіледі, әр қызметкермен профилактикалық әңгіме өткізіледі.
Мекеме ғимаратының қабырғасында басшының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген. «Сенім телефоны» жұмыс істеп тұр, азаматтардың арыз-шағымдары үшін арнайы жәшік те қойылған. Сондай-ақ мекеменің әрбір қызметкеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу үшін жауапкершілік туралы ескертіліп, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің» нормалары бойынша және басқа да заңдарды білуі талап етіліп, қызметкерлерге қатысты тұрақты түрде талдау жасалады.
Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет.

Жанәділ Рахымбердиев,
Жуалы ауданы бойынша мемелекеттік кірістер
басқармасының бөлім басшысы

Таңдаулы материалдар

Close