Basty bet

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға баспасөз бетінен орын беру туралы Жуалы аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінде орын беру шарттары мен тәртібі және төлемінің мөлшері жайлы АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес аудандық «Jańa ómir-Новая жизнь» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарын көлемі 0,1 баспа табақтан аспайтын мақала түрінде жариялайды.
Үгіт материалын газетке жариялау үшін тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілі мынадай құжаттар ұсынады:
1) кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шарт жасасу үшін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Үгіт материалдарын жариялау тәртібі
Редакция кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе материалдардың жариялану ретін жеребе бойынша белгілейді. Жазбаша өтініш келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде тиісті орын берілгені үшін редакция және кандидат мақаланың жариялану ақысын алдын ала төлеу жайында екіжақты келісім-шарт жасасады.
Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есепшотына 100 пайыз көлемінде түскеннен кейін барып жарияланады.
Сайлауалды үгіт 2023 жылғы 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2023 жылғы 18 наурызда жергілікті уақыт бойынша 00.00-де аяқталады.
Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі
Кандидат үгіт материалының мәтінін редакцияның жарнама бөліміне «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінің кезекті саны жарыққа шығардан үш жұмыс күні бұрын ұсынуы тиіс. Материалдың мәтіні қағазға басылып шығарылып, оған кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қоюы қажет. Сонымен қатар электронды нұсқасы қоса болуы керек. Берілген мерзімі, уақыты, тіркеу нөмірі көрсетіліп, екі данамен шығарылған материалдың жазбаша нұсқасының біреуі газеттің жарнама бөліміне тіркеліп, екіншісін тапсырыс берушінің өзі алып кетуі тиіс.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары қабылданбайды.
Үгіт материалдарын жариялаудың төлем тәртібі
Кандидат немесе оның сенімді өкілі үгіт материалының жариялану құнын 100 пайыз төлейді. Төлемақы, алдын ала келісім-шартта қарастырылғандай, редакцияның реквизиті көрсетілген есепшотына аударылуы керек.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға
баспасөз бетінен орын беру туралы
ПРАЙС-ПАРАҚША
«Жуалы аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі газеттің меншік иесі:
«Jańa ómir-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газеті (форматы D2; шығу жиілігі аптасына 2 рет: сейсенбі, жұма күндері; тілі: қазақ, орыс; бір реттік таралымы- 5027).
Жоғарыда көрсетілген газетте материалдарды орналастыру бағасы:
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру құны 1 (бір) шаршы саниметр үшін 300 (үш жүз) теңге (ҚҚС-сыз).

Директор М.Кадирбеков

Таңдаулы материалдар

Close