Basty bet
Алдын алу маңызды!
Ел Президенті 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекіткен болатын.
Тұжырымдамада халықаралық тәжірибені шолу бойынша, шетелдік озық практикалардың халықаралық тәжірибесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау үшін көптеген факторлар мен элементтерді кешенді түрде ұштастыруды көздейтін жүйелі тәсілдері қолданылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымындарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған. Бұл заң – билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып табылады.
Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық – сот жүйесінің алға жылжуын тежейді, бүкіл жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп əкелетін, сотқа деген сенімзідікті тудыратын, қатерлі құбылыс.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басым бағыттарының бірі де сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу.
Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінде дербес құрылымдық бөлімше «Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі» құрылған. Аталған құрылымдық бөлімше әр облыс бойынша Соттар әкімшілігінде бар. Аумақтық бөлімдердің қызметін үйлестіру және олардың алдындағы міндеттерді анықтау аталмыш бөлімге жүктелген.
Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі мен оның аумақтық бөлімшелері ІҚБ-мен белгіленген міндеттерді орындауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді. Мәселен, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда сот төрағасы, Соттар әкімшісінің басшысы және бөлім басшысы апта сайын азаматтарды қабылдайды.
Сондай-ақ, судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтық факторларының алдын алу үшін және шұғыл шара қабылдау мақсатында, «Сенім телефоны», «Call-центр» бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл азаматтардың өтініштеріне, ұсыныстарына, шағымдарына дер кезінде жауап беріп, тиісті әрекеттерді орындауға арналған. Судьялық корпус пен сот қызметкерлерінің тарапынан құқықбұзушылықтар туралы хабарламаларды алу үшін қосымша дерек көзі болып табылады.
Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, мемлекет игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды қолдану туралы тапсырмаларды орындау әр азамат және кез келген мемлекеттік органға жүктелген міндет деп санаймын!
Бабырхан Абуев,
аудандық соттың төрағасы