Basty bet
Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелерімен өткен жиналыстың хаттамасы №3
Қайрат ауылы 10 қараша 2025 жыл сағат: 10:00
Ақсай ауылдық округі әкімдігінің ғимараты
Жиналыс төрағасы: М.Мәтен – Ақсай ауылдық округінің әкімі.
Жиналыс хатшысы: С.Шырынбай – Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық мүшелері – 12 адам.
Күн тәртібі:
Диқан ауылындағы жаңа көшеге атау беру туралы
Тыңдалды: М.Мәтен – Ақсай ауылдық округінің әкімі: «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елдімекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес, Ақсай ауылдық округінің Диқан ауылындағы жаңа көшеге Олжабай Утегенов көшесі деп атау беру туралы түскен ұсыныс бойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз. Өз ой-пікірлеріңізді ортаға салуды сұраймын.
Сөйлеген: М.Асемов – жергілікті қоғамдастық мүшесі: Диқан ауылындағы жаңа көшеге Олжабай Утегенов көшесі деп атау беру туралы ұсынысты қолдаймыз. Сондай-ақ, көше атауын беру кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру керек деп есептейміз.
Сөйлеген: К.Құрмашев – жергілікті қоғамдастық мүшесі: Менің айтарым, жаңа көше атау беруге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, Ұлы Жеңістің 80 жылдығының аясында Ұлы Отан соғысы батырларының есімін ұлықтау өте дұрыс ұсыныс және бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін. Ономастикалық атауларды ретке келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жан-жақты қолдаймын.
М.Мәтен – Ақсай ауылдық округінің әкімі: Диқан ауылындағы жаңа көшеге Олжабай Утегенов көшесі деп атау беру бойынша тиісті халықтың пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа саламыз.
Қолдағандар: 13 адам
Қарсы болғандар: жоқ
Қалыс қалғандар: жоқ
Ақсай ауылдық округінің әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Диқан ауылындағы жаңа көшеге Олжабай Утегенов көшесі деп атау беру туралы ұсынысы жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілік дауысымен қолдау тапқандығын жариялады.
ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:
1. Диқан ауылындағы жаңа көшеге Олжабай Утегенов көшесі деп атау берілсін.
2. Осы ұсыныс жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.
Жиналыс төрағасы М.Мәтен
Жиналыс хатшысы С.Шырынбай