Basty bet
Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережесін сақтайық!
Өрт қауіпсіздігі ережесі барлық салаға, барлық жерге қатысты. Соның ішінде, көлікте қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңызы зор. Өйткені, статистика соңғы жылдары көлік өртінің көбейіп кеткенін байқатып отыр. Ал алда-жалда көлігіңізбен келе жатқанда өрт шықса, көліктен бұрын, өзіңізді құтқаруға тырысатыныңыз анық. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға тырысу керек. Жол жиегіне тоқтап, жедел түрде жолаушылардың тез шығуын қамтамасыз етіп, аккумулятор батереясынан ажыратып, өрт сөндіргішпен өрт сөндіруге кірісіңіз. Атап айтсақ, автокөлікпен, өрт сөндірушінің бағасын салыстыруға келмейді. Өртті өз күшіңіз жетпесе, жедел түрде 101, 112 байланыс телефонына қоңырау соғыңыз. Статистикаға сенсек, жыл сайын елімізде екі мыңнан астам автокөлік құралдарында өрт шығады екен. Бұл өрттердің жалпы санының 20 пайызын құрайды.
Мысалы: 2023 жылдың 11 қаңтар 21 сағат 27 минутта №7 өрт сөндіру бөлімінің 101 байланыс нөміріне Ақбастау ауылы, Қойгелді көшесі №20 үйдің ауласында орналасқан бастырманың астында тұрған АУДИ С4 жеңіл автокөлігінің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті және 14 қаңтар күні 02 сағат 10 минутта Теріс ауылы Қайрат Рысқұлбеков көшесінің бойында АУДИ С4 жеңіл автокөлігінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен, 14 қаңтар күні 02 сағат 10 минутта Күреңбел ауылы Қарабастау көшесі №16 үйдің ауласында орналасқан гараждың ішінде АУДИ С4 өртеніп жатқаны туралы хабарлады.
Сондықтан автокөлік жүргізушілеріне жолға шығарда, автокөліктің қозғалтқышының, май- суларын тексеріп техникалық байқаудан дұрыс өткізуді және техника қауіпсіздігін қатаң сақталуын ескертеміз.
Осындай келеңсіз жағдай туындаған кезде жүргізушілерге ең керекті нәрсе ол, жеңіл автокөлікте салмағы 2 келіден кем емес ұнтақты өрт сөндіргішпен (огнетушитель), жүк автокөліктерінде салмағы 5 кг кем емес ұнтақты өрт сөндіргішпен (огнетушитель) жабдықталуы қажет.
Осы жерде айта кетер болсақ, Өрт сөндіру бөлімінің 101,112 байланыс бөліміне жалған шақыртулар және балалардың телефон шалуы көптеп түсуде, осыған байланысты аудан тұрғындарына Қазақстан Республикасы әкімшілік кодекісінің 438-бабына сәйкес отыз айлық көрсеткіш айыппұл салынатынын, алайда бір жылда тағы да қайталанатын болса алпыс айлық көрсеткішке дейін айыппұл салынатын болады. Ал кәмелетке толмаған балаларға ата-аналарына он бес айлық көрсеткіш салынатындығын есте сақтаған жөн.
Нұрлыбек Апсатаров,
аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны.
Бақтияр Мағыртай,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы, азаматтық қорғау капитаны