Basty bet
Аудан әкімінің есебі тыңдалды
Аудандық мәслихаттың төрағасы Зиядхан Бүрлібаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың ХХІІІ сессиясы өтті. Оған аудандық мәслихаттың депутаттарымен бірге аудан әкімі Жалғас Мұртаза, аудан әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдігінің бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияда аудан әкімі Жалғас Әлижанұлы өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берді.
Аудан әкімінің айтуынша, ауданның жалпы өңірлік өнімі 2024 жылдың 5 айында 20 млрд. 395 млн. 5 мың теңгені құрап, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (19 млрд. 372 млн. 3 мың теңге) 5,3%-ға артып отыр.
-Аудандағы кәсіпорындар қаңтар-мамыр айларында 6 009,8 млн.теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 85,2%-ға (2023 жылы 6 236,8 млн.теңге немесе 96,2%) орындалды.
Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі қаңтар-мамыр айларында 101,5%-ға немесе 9 325,9 млн. теңге көлемінде (2023 жылы 8 572,8 млн. теңге немесе 100,5%) орындалды, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы 0,2 млн. теңгеге 100,0%-ға, мал шаруашылығы 9 325,7 млн.теңгеге 101,5% орындалды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция қаңтар-мамыр айларында 2 337,1 млн. теңгені құрап, 126,5%-ға орындалып отыр (2023 жылы 1 843,9 млн.теңге немесе 108,8%).
Жалпы сауда айналымы 4 094,7 млн. теңге, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (3 626,0 млн.теңге) 12,9%-ға артып отыр. Оның ішінде: бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексі қаңтар-мамыр айларында 1 866,9 млн.теңгеге (2023 жылы 1 819,4 млн. теңге немесе 104,9%), немесе 96,5%-ға орындалса, көтерме сауда айналымының нақты көлем индексі қаңтар-мамыр айларында 2 227,8 млн. теңгеге немесе (2023 жылы 1 806,6 млн. теңге немесе 91,5%), 122,2%-ға орындалып отыр.
Құрылыс көлемі қаңтар-мамыр айларында 965,1 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 102,1%-ды құрады (2023 жылы 936,7 млн.теңге немесе 120,5%).
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі қаңтар-мамыр айларында 7 мың 396 шаршы метрді құрап 119,5%-ға орындалды (2023 жылы 6 мың 794 шаршы метр немесе 103,6%),- деді аудан әкімі.
Жалғас Әлижанұлы “Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасы аясында жоспарланған бірқатар жобалар еліміздегі су тасқынына байланысты республикалық бюджет қаражатының тапшылығы орын алып, жоспарланған қаражаттар кері қайтарылғанын айтып өтті.
Аудан әкімі барлық салада жүріп жатқан құрылыс жұмыстары мен орын алған кейбір мәселелерге тоқталды.
Аудан басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарға кеңінен тоқталды.
-2024-2025 жылдарының мал қыстату науқанына дайындалатын мал азығы: пішен – 236 500 тонна, пішендеме -17 000 тонна, сабан – 49 800 тонна, сүрлем – 19 000 тонна.
Ағымдағы жылы шабуға белгіленген алқап көлемі – 32 567 га. Оның ішінде: көпжылдық шөп – 30 570 га, табиғи шөптер – 1997 га, сүрлемдік жүгері – 501 га.
Бүгінде шөп ору науқаны барлық елді мекендерде басталды, орылғаны 885 га (2,9%). Сонымен қатар сүр (пар) көтеру және өндеу жұмыстары бойынша, бірінші өндеу 1485 га сүр айдалды.
Ауданда 660 дана доңғалақты тракторлар, 41 дана шөп шабатын комбайн, 128 дана жүк тасымалдау тіркемелері, 135 дана автомобиль және 59 дана шөп тайлағыш халыққа қызмет атқаруда. 2024 жылы техниканың жаңарту көрсеткіш жоспары 10%, 171 дана. (1 комбайн, 63 трактор, 107 тіркеме). Бүгінгі күнге 531,7 млн теңгеге 87 жаңа техника алынды.
Көктемгі дала жұмыстарына 2323,6 тонна кепілдендірілген дизель отыны жоспарланып шаруаларға литрі 250 теңгеден таратылды.
«КТ Жуалы» несие серіктестігі «Кең дала» бағдарламасы арқылы көктемгі дала жұмыстарына 19 шаруашылық 155,6 млн теңге алды. Сонымен қатар 1 ШҚ 10,0 млн теңге несие алуға құжаттарын дайындауда.
«АгроБизнес» бағдарламасымен мал шаруашылығын дамыту бойынша 14 шаруашылық 199,7 млн. теңге несие алды, қосымша 11 ШҚ 145,6 млн теңгеге құжаттарын тапсырды.
«Кең дала» бағдарламасы аясында несие алуға 23 шаруадан сұраныс түсті. Бүгінгі күнге 2 шаруа Тараз АНК (АКК) құжаттарын тапсырып, 21 шаруа құжаттарын жинақтауда,- деді Жалғас Әлижанұлы.
Шаруалар үшін жағымды жаңалық
Аудан әкімі шаруалар үшін жағымды жаңалықпен де бөлісті.
-“ҚазАгроҚаржы” АҚ арқылы жеңілдетілген пайызбен (5%) берілетін елімізде жинақталған отандық ауыл шаруашылығы техникаларына (LOVOL, ЮТЗ, МТЗ) субсидия төленеді. Аталған отандық техникаларды алу үшін шаруа 10% алғашқы жарна төлеу керек. Бұл жердегі ерекшелік – шаруа алғашқы жарнаны техникаға берілетін субсидия есебінен немесе жыл соңына дейін жиын-терімнен соң төлеуіне де болады. Несие бес жылға беріледі. Жылына бір рет төленетін негізгі соманы төлеу уақытын да шаруа өзі таңдайды. Бұл – шаруалар үшін жаңа техника алуға үлкен мүмкіндік,- деді аудан әкімі.
-Бүгінгі күнге 49 елді мекеннің 42-сі ауызсумен қамтылған (536,08 шқ), ол 85,7 пайызды құрап отыр.
Тұрғын үйлерді ауызсуға қосу бойынша: аталған ауызсу кіргізілген 42 елді мекенде жалпы 9788 аула болса, оның ішінде 7698 ауласы ауызсуға қосылып, тіркелген. Бұл бойынша «Жуалы Су» мекемесі тиісті ауылдық округ әкімі аппараттарымен бірлесе жұмыс атқаруда.
Орталықтандырылған ауызсумен қамтылмаған 7 елді мекен қалып отыр. Оның ішінде Түктібай, Ақтөбе ауылдарына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржы қарастырылған. Алайда бұл мәселеде де жұмыс республикалық бюджет қаражатының тапшылығына қарай кейінге қалдырылып отыр.
Аудан аумағындағы автомобиль жолдарының ұзақтығы 561,2 шқ құрайды. 2024 жылы аудан бойынша 40 жоба бойынша 1,2 млрд теңге қаржыға (39 ауылішілік, 1 аудандық мәндегі автомобиль жолдары) 42,47 шақырым болатын автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстары жоспарланса, оның ішінде бүгінгі күнге 8 жоба бойынша асфальт төселіп, жұмыстар аяқталды, 29 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде және 3 жоба бойынша қазіргі уақытта келісім-шарт жасалуда және мемлекеттік сатып алу сатысында.
Ауданда 45 елді мекен табиғи газбен қамтылған, 91,8% құрайды (халық санымен 52 920 тұрғын немесе 97%, аула санымен-9889 немесе 96,9%).
Бүгінгі күнге ауданда табиғи газбен қамтылмаған Билікөл ауылдық округіндегі 4 елді мекенге кварталішілік газ тартуға және магистральды газ тарту желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өткізіліп, облыстық тиісті басқарма арқылы салалық министрлікке бюджеттік өтінім жолданған. Ендігі жерде қаражаттың келуін күтудеміз,- деді аудан әкімі.
Жалғас Әлижанұлы жуалылықтарды толғандырып жүрген тесік көпір мәселесі бойынша жоғарыда тесік көпірден 50 метр арыдан заман талабына сай жаңа тесік көпір салу туралы шешім қабылданып жатқанын, қаражат бөлінсе, жоба жүзеге асатынын айтып өтіп, бұл мәселеде депутаттардың белсенділігіне ризашылығын білдірді.
Аудандық мәслихаттың депутаттары аудан орталығындағы абаттандыру, жолдарды орта жөндеуден өткізуде мемлекеттік сатып алу мәселесіндегі кейбір тұстары, аудандық аурухананың жылыту маусымына қатысты мәселелер туралы сұрақтарын қойып, жауап алды.
Көкбастау ауылдық округінің әкімі Мәлік Сейтаевтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Сонымен бірге аудандық мәслихаттың депутаты Жәнібек Исаев аталған округке жасаған зерделеу жұмыстарының қорытындысы туралы хабарламасын баяндады.
Күн тәртібіндегі өзге де мәселелер бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қаралуына байланысты қайта қаралған жоқ.
Сессия жұмысын мәслихат төрағасы Зиядхан Рымбекұлы қорытындылады.
Сессия соңынан Қазақстан Республикасы мәслихатының құрылғанына 30 жыл» толуына орай “Біздің Депутат” республикалық қоғамдық-саяси газетінің «Депутат-2024″ Мәслихатқа 30 жыл” мерекелік төсбелгісі аудандық мәслихаттың депутаты Свамбай Арыновқа тапсырылды.
Сонымен бірге мерекеге орай Жамбыл облысы мәслихат қызметкерлері мен депутаттары арасында өткен спартакиаданың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқаны үшін депутат С.Арынов пен Ж.Исаев облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының Алғысхатымен, спартакиадада марафонға қатысып, ІІ орынға ие болған аудандық мәслихат аппараты ұйымдастыру және құқықтық бөлімшесінің бас маманы С.Әмірхан мерекелік медальмен және дипломмен марапатталады.
Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»