Basty bet
Жаңа Қазақстанды құруға нақты қадам жасалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады.
Ел Президенті өз сөзінде күздегі Жолдауында Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы осы жылдың бірінші жартысында болатынын жариялағанын және бұл бастама айтылған сәттен сайлауға дейін жарты жылдан астам уақыт өтетіндігін баса айтты. Ал, Тәуелсіздік жылдарында сайлауға дайындалу үшін кандидаттар мен саяси партияларға осыншама көп уақыт берілмегені туралы сөз қозғады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір ел, бір халық болып, Әділетті Қазақстанды құратындығымыз туралы және осы жолда түрлі сын-қатерді еңсеріп, көптеген маңызды міндетті бірге атқаруымыз керектігін тілге тиек етті. Осылайша барша Қазақстан азаматтарын азаматтық жауапкершілік танытып, Мәжіліс пен мәслихат сайлауына белсене қатысуға шақырды.
Бұл меніңше, Жаңа Қазақстанды құруға жасалған нақты қадам деп білемін.
Сейітхан ЖҰМАШЕВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы