Basty bet

Конституциялық реформаның заңды жалғасы

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығы шыққанын отандық бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп, білдік. Мұны біз Президенттің бастамасымен қолға алынған саяси реформалар топтамасының заңды жалғасы деп білеміз.
Президент Жарлығына сәйкес, алда өтетін саяси додада барлық деңгейдегі мәслихаттардың құрамы жаңа толқынмен жасақталады деген зор сеніміміз бар. Жалпы алғанда, алдағы сайлау науқанында мандат иеленетін жаңа халық қалаулылары ел өңірлеріндегі өзгерістерден тыс қалмай, халықтың мұң-мұқтажын атқарушы билік өкілдеріне жеткізетін «алтын көпір» қызметін қалтқысыз атқаратынына күмән жоқ.
Ендігі кезекте Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалғандары бір мандатты округтерден сайланбақ. Ал мәслихат депутаттары аралас жүйемен сайланады деп күтілуде. Бұл өзгерістер сайып келгенде, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған Конституциялық реформалардың жалғасы.

Шора ЫСҚАҚОВ,
Б.Момышұлы ауылдық билер кеңесінің төрағасы.
Ауданның Құрметті азаматы

Таңдаулы материалдар

Close