Basty bet

Мемлекет пен елдік мүдде ең алдыңғы орында

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуға қарамастан әлемнің барлық елінде, оның ішінде, Қазақстанда да өмір сүруін жалғастыруда, тек оның ауқымында ғана ерекшелік бар. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін айтарлықтай тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.
Сыбайлас жемқорлық термині латын тілінен шыққан «soggitrege» сөзі мағынасы бойынша «пара беру» терминінің мағынасы ретінде «мемлекет ағзасын, қоғамдық қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді. Бұл термин әдетте шенеуніктің өзінің билік өкілеттіктерін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын жеке пайда үшін, алдау, бопсалау, заңнама мен моральдық нормаларға қайшы келетін әуре-сарсаңдар арқылы қолдануын білдіреді. Көбінесе бұл термин бюрократиялық аппарат пен саяси элитаға қатысты қолданылады. Тиісті термин әдетте, латын сөзінің бастапқы мағынасынан, сондай-ақ этикалық емес мінез-құлықтан туындайтын кең семантикаға ие.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әрбір мемлекеттік қызметші мемлекетшіл болуы керек. Мемлекет пен елдік мүдделер – қашанда алдыңғы орында. Бұл – Тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты, жерді сақтау, табиғи ресурстарды, мәдени мұраны қорғау сынды іргелі құндылықтарды қабылдап, олармен біртұтас болуды білдіреді. Мемлекетшіл, мемлекеттік сана деңгейінде ойлайтын тұлғалар халық алдындағы жауапкершілікті сезінеді, ұлттық мүдделерге сәйкес ойлайды және әрекет ете-ді, елдің бүгіні мен болашағы үшін қам жейді. Елдің қамын ойлау – нағыз мемлекетшіл тұлғаға тән басты сипат.
Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айта келе, қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңуге болмайтынын бірнеше рет атап өтті. Сондықтан біз, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы «қоғам зиянкесі» сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен аулақ жүріп, қауіпті кеселге жол бермеуіміз қажет!
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің аппараты» КММ бойынша (8-726-35) 2-18-06 нөмірлі сенім телефоны жұмыс істейді. Азаматтардың арыз-шағымдарына арналған жәшік қолжетімді орынға қойылған. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы мен сала заңдары бойынша мекеме қызметкерлеріне құқықтық түсіндіру мақсатында тұрақты түрде жиналыс өткізіліп тұрады.

Рәтбек КӨСЕМБАЕВ,
Б.Момышұлы
ауылының әкімі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close