Basty bet

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

2023 жылдың 17 қаңтар күні білім бөлімінің әдіскері Г.Сатарова білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына «Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет» тақырыбында әдістемелік кеңес өткізді.
Жалпы әдістемелік кеңес барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу өте өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығы айтылды. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттырудың өте маңыздылығы және кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі екендігі айтылды.
Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары таныстырылып, таратылып берілді.

Гүлназ САТАРОВА,
Жуалы ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет
әдіскері

Таңдаулы материалдар

Close