Basty bet

Мүмкіндігі шектеулі жандарға әрдайым оң көзқарас керек

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлініп, қамқорлық көрсетілуі тиіс. Бұл – бәріміздің қоғам алдындағы парызымыз. Ұлы бабамыз әл-Фарабиден “Қай елді бақытты деп айтамыз?” деп сұрағанда “Қайыршысы жоқ, кемтар жандарға қолұшын беретін ел бақытты” деген екен.
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан тиісті көмек-қолдаулар көрсетілуде.
Ауданымызда әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің мәліметіне сәйкес, 109 І топ мүгедегі, 467 ІІ топ мүгедегі, 779 ІІІ топ мүгедегі және 18 жасқа дейінгі 212 мүгедек жандар бар. Барлығы 1567 адамның 800-ге жуығына аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы бойынша бірнеше түрлі қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсету қағидасының талаптарына сәйкес бір мүмкіндігі шектеулі жан бірнеше қызмет түріне ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс жасайтын бас маманы Эльмира Даниярованың айтуынша, “Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу” мемлекеттік қызметі бойынша үстіміздегі жылдың 9 айында 88 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге 14 әлеуметтік қызметкерлер және 35 мүгедек балаға 8 әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетуде.
“Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларымен көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша протездік-ортопедиялық құралдарға 121 азаматтан өтініш қабылданып, әлеуметтік портал арқылы тапсырыс берілген. Азаматтардың аблитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының 131 мүгедектігі бар адамдарды аблитациялау және жеке оңалтудың бағдарламасы (МАОЖБ) орындалған.
Сурдо-техникалық құралдарға мұқтаж 14 азаматтың өтініші тіркеліп, 18 МАОЖБ орындалған. Тифло-техникалық құралдарға 17 азаматтың өтініші тіркеліп, 62 МАОЖБ орындалып отыр.
182 міндетті гигиеналық және конпенсаторлық құралдарды қажет ететін азаматтардың өтініштері тіркеліп, әлеуметтік портал арқылы тапсырыс берілді. 477-нің 447 МАОЖБ бүгінгі күнге орындалған.
“Жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу” мемлекеттік қызметі бойынша 3 ымдау тілі маманы 15 мүгедекке, 2 азаматқа жеке көмекшінің портал арқылы қызметтері көрсетілуде.
“Мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу” мемлекеттік қызметі бойынша 256 өтініш тіркеліп, 250 адам портал арқылы тапсырыс берген, аблитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының 170-і орындалып, яғни бүгінгі күнге 170 азамат қамтылып отыр.
“Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар рәсімдеу” мемлекеттік қызметі бойынша облыстық бейімдеу орталығына қаңтар айынан бері 12 азаматтан өтініш түсіп, 11 азамат тиісті оңалту орталықтарына жолданған. бір азамат барудан бас тартқан.
“Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу мемлекеттік қызметі бойынша 35 өтініш тіркеліп, 44 МАОЖБ орындалған.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 68 балаға өтініш тіркеліп, жәрдемақы тағайындалып, төленуде.
Сонымен бірге жыл басынан “Жуалы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығы” мүгедектер қоғамдық бірлестігінде 20 балаға жартылай стационардағы бейімдеу орталығында қызмет көрсетілуде.
“Шапағат” корпоративтік қоры арқылы ауданда инватакси жұмыс жасауда. Бүгінгі күнге ауданда 84 мүгедектігі бар азаматтар 2 инватакси қызметімен қамтамасыз етіледі.
Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша 24 азамат қоғамдық жұмыстарға, 4 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 2 азамат “Жастар практикасы” бағдарламасына”, 2 азамат “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасымен, 5 азамат “Күміс жас” жобасы мен, 45 азамат тұрақты жұмыс оындарына жолданған. Сондай-ақ, 94 азамат “Бастау-Бизнес” жобасымен кәсіптік оқуға жолданып, 13 азамат қайтарымсыз грантпен қамтылуда”, дейді бас маман Эльмира Даниярова.
Айтып өтетін жайт, қазіргі таңда барлық мемлекеттік қызмет түрлері аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы, egov электронды порталы арқылы жүзеге асады. Яғни азаматтар аталған бөлімге келмей-ақ, ХҚКО арқылы немесе үйде отырып электронды кілт арқылы порталға кіріп өтініш беріп, қызмет түрлерін таңдай алады. Ал, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жауапты мамандары өтініштердің орындалуын ұйымдастырумен айналысады. Өтініштер қабылданып, қызмет түрі тағайындалған соң, тиісті құрал-жабдықтар пошта арқылы үйлеріне жеткізіледі. Бұл да “Цифрлы Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының жемісі деуге болады.
Жалпы, мемлекеттік бағдарламалардың басты міндеті – әлеуметтің әлеуетін арттыру. Оның ішінде мемлекет әрдайым көмектесетін белгілі санаттар бар. Олардың қатарында көпбалалы, аз қамтылған отбасылармен бірге мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Жоғарыда айтып өткен мәліметтер мүмкіндігі шектеулі жандар денсаулығын күтуге, денсаулығына қарай қажетті құрал-жабдықтарды алуға, жұмыс жасауға қабілетті жандар жұмыспен қамтылуға, кәсіп ашып, қайта даярлаудан өтіп, қоғамда өз орын табуына жасалған мүмкіндіктер. Ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандардың бұл мүмкіндіктерді мейлінше толық пайдалануына жауапты бөлім мамандары өз үлестерін қосуда. Ол – Президент тапсырмасы.
Көмекке мұқтаж жандарға жағдай жасау, қолдау көрсету – барша жанның азаматтық парызы.

Перизат Шымыртайқызы,
“Жаңа өмір”

Таңдаулы материалдар

Close