Basty bet

«Салт-дәстүрім – берекем!»

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан ұлттық мейрам. 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз-Наурыз!», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.
Осы ретте, Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында «Салт-дәстүрім – берекем!» атты мерекелік кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты – Наурыз мерекесі еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу арқылы оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Шараға орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның ұстаздары мен оқушылары, №1 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері мен бүлдіршіндері қатысты.
Іс-шара барысында №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның оқушылары қазақтың ұлттық ойындары «Ханталапай», «Аударыспақ», «Жұмбақ орын» ойындарын ойнап, өлең шумақтарын оқыса, А.Мейрамбай «Қамажай» биін биледі. Ал, №1 бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері де Наурыз мерекесіне арналған өлең шумақтарын тарту етті.
Шара соңында №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның 1 «В» сынып жетекшісі М.Тұрғынова және №1 бөбекжай-балабақшасының мейірбикесі А.Рахманқұлова жиналғандарды ұлттық мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шараны Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Н.Нұрманалиева қорытындылап, шараға белсене қатысқан жандарға алғысын білдірді.

Аудандық орталық кітапхана

Таңдаулы материалдар

Close