Basty bet

Бала тәрбиесіне бірге атсалысайық!

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының «Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?» тақырыбында аудан орталығындағы Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің 2 «Ә» сыныптың жетекшісі Әсем Мақтабаева ата-аналарына арналған кездесу өткізді. Кездесуге ата-аналар мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мақпал Қосарова, мектеп психологы Салтанат Құрманбаева және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Мурзабекова қатысты.
Кездесуді өткізудегі мақсаты – ата-аналарға үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту.
Басқосу «Кел, сәлемдесейік!» ойынымен басталып, ата-аналармен сәлемдесіп, «Үш қадам» әдісі арқылы әрбір ата-анаға өз баласының жақсы және жаман қасиеттерін айтқыза отырып, тәттілердің түстері арқылы топқа бөліп отырғызды. Оларға эрудиция туралы жалпы мағлұмат беріліп, «Тілші айдары» ойыны ойнатылды. Кездесу жоғары деңгейде өтті.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату – кезек күттірмейтін мәселе. Жалпы бала тәрбиесіне ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың да биік болары сөзсіз.

Әсем МАҚТАБАЕВА,
Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің
2 «Ә» сынып жетекшісі

Таңдаулы материалдар

Close