Basty bet

Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын 2024 жылы 1 қаңтардан бастап енгізу бойынша ақпарат

Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу 2014 жылы Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту жөніндегі тұжырымдамада көзделген, ал 2015 жылы заңмен бекітілген. ЖМЗЖ енгізу 2018 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек еді. Алайда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жоспарланып отырғанын ескере отырып, осы түзетулерді қолданысқа енгізу мерзімі 2020 жылы ауыстырылды. 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңнамалық түзетулер қабылданды, соған сәйкес ЖМЗЖ енгізу мерзімі 2023 жылға ауыстырылды.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын салық алымдарымен салыстыруға болмайды, зейнетақы жарналары мен салық алымдарының олардың пайдасына төленетін жеке тұлғаларға қатысты даралануындағы негізгі айырмашылығы.
Неліктен ЖМЗЖ енгізу керек?
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әрине, қазақстандықтардың, болашақ зейнеткерлердің әл-ауқатын арттыру мақсатында енгізіледі. Атап айтқанда, бұл ынтымақты өтілі жоқ (1998 жылға дейін) немесе ынтымақты жүйеде өтілі шамалы азаматтарға қатысты.
МЗЖ енгізу зейнетақы жүйесін дамыту жөніндегі басқа шаралармен қатар алушылардың еңбек өтіліне пара-пар лайықты зейнетақыны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ЖМЗЖ енгізу халықаралық стандарттарға сәйкес келетін зейнеткерлік жасқа толған кезде қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының пара-пар деңгейін (зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі табысты алмастыру коэффициенті) сақтауға мүмкіндік береді.
Бұл ретте жұмыс берушіге жүктеме қолайлы деңгейде, оның ішінде Салық кодексі шеңберінде көзделген салық салынғанға дейін шегерімге ЖМЗЖ төленген соманы жатқызу бөлігінде жеңілдіктер есебінен қалады.
Сондай-ақ, бұл тәсіл жұмыс берушілердің МЗЖ және ЖМЗЖ-ын тұрақты аударуға, қызметкерлердің жұмыспен қамтылуын ресімдеуге және олардың кірістерінің ашықтығына қызметкерлердің мүдделілігіне ықпал етеді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде 2024 жылдан бастап, 2024 жылы 1,5% жарна мөлшерлемесінен 2025 жылдан 2,5 % , 2026 жылдан 3,5%, 2027 жылдан 4,5% және 2028 жылдан 5% ЖМЗЖ-ны кезең-кезеңмен енгізу көзделеді.
Анықтама:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы жинақтаушы жүйе жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін жарналары есебінен қалыптастырылатын жаңа шартты-жинақтаушы компонентпен толықтырылатын болады.
Ұсынылып отырған шартты-жинақтаушы жүйеде (ШЖЖ) жинақтаушы (шартты шоттарда жинақтау арқылы) да, зейнетақымен қамсыздандырудың тарату тетіктері де іске асырылатын болады.
Жаңа зейнетақы жүйесінің қатысушылары жұмыс берушілер пайдасына жұмыскерлердің кірістерінен есептелген және жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен БЖЗҚ-дағы дербестендірілген шартты-жинақтаушы шоттарға аударылған міндетті зейнетақы жарналарын аударатын қызметкерлер болады.
Жүйенің әрбір қатысушысы үшін шартты зейнетақы шоты ашылады, онда жұмыс берушілер аударатын жарналардың сомасы белгіленеді және шартты зейнетақы жинақтары қалыптастырылады.
Қызметкер зейнеткерлік жасқа толған және қатысу өтілі кемінде бес жыл болған кезде шартты-жинақтаушы компоненттен алынатын зейнетақы мөлшері шартты зейнетақы шотында қалыптастырылған жинақтар мен өмір сүру ұзақтығына қарай айқындалады.
Яғни, зейнетақы азаматтардың еңбек қызметінің барлық кезеңінде қалыптасқан, өмір сүру ұзақтығына байланысты уақыт бойынша бөлінген зейнетақы жинақтарының сомасына тең болады.
ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдеріне қатысу өтілі кемінде 5 жыл (60 ай) болған кезде зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар құқылы болады.
ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы төленетін болады, бұл ретте жыл сайын зейнетақы мөлшері индекстелетін болады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінен айырмашылығы, шартты-жинақтаушы құрамдауыштағы ЖМЗЖ есебінен зейнетақы мұрагерлікке жатпайды (өйткені олар қызметкердің меншігі болып табылмайды) және оларға зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік берілмейді.
Бұдан басқа, бірінші төлем түскен кезде ЖМЗЖ салымшылары үшін автоматты режимде БЖЗҚ-да шартты зейнетақы шотын ашу көзделеді, яғни бірінші ЖМЗЖ түскен кезде шот автоматты түрде ашылатын болады.

Зиядхан Бүрлібаев,
аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close