Basty bet

Әдістемелік семинар-практикум

Жуалы ауданы білім бөлімі мен аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан орталығындағы №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназия базасында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Оқушылардың арасында аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингтің алдын алу жұмыстары және ата-аналармен жұмыс атқарудағы психологиялық кеңес беру» тақырыбында әдістемелік семинар-практикум өтті.
Білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ерназар Жүзбаев семинар-практикумды ашып, бағдарламамен таныстырды.
Іс-шараға аудан прокуратурасының аға прокуроры Ж.Иса қатысып, «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың және буллингтің алдын алу» тақырыбында аудан педагог-психологтарына кеңес берді.
Жуалы ауданы білім бөлімінің әдіскері Эльмира Кусманова «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы» заңнамамен таныстырып, буллингтің алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыстар туралы ақпарат берді.
Семинар-практикум барысында «Мектептегі күш көрсетудің алдын алу жұмыстары» тақырыбында №6 А.Пушкин атындағы ОМ-ның педагог-психологі Айгерім Жақыпова, «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және түзету жолдары» тақырыбында №19 Д.Қонаев атындағы МГ-ның педагог-психологі Эльмира Нұрлыбаева, «Оқушылардың қарым-қатынасындағы психологиялық аспектілері» тақырыбында №25 Ақтөбе тірек мектебінің педагог-психологі Айнұр Ұзақбекова, «Балалықтан-даналыққа: Ата-ана, мектеп, мұғалім» тақырыбында №11 Т.Тастандиев атындағы ОМ-нің педагог-психологі Айнұр Бикозиева өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тренингтер жүргізді.

Эльмира БАХТЫМҰРАТҚЫЗЫ,
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің әдіскері

Таңдаулы материалдар

Close