Basty bet
Жүргізуші жалған нөмірмен қалааралық тас жолда көлік жүргізген
Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 590-б. 4-б., 669 б. 1 б. (Көрiнеу жалған нөмiрмен көлiк құралын басқару, сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша К.-ке қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, азамат К. 2025 жылдың 30 наурызында «Lexus 600» автокөлігін жалған нөмірмен басқару кезінде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолында жол полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.
Оған қоса анықталғандай, Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының ұйғарымы негізінде, аталған азамат 2029 жылға дейін көлік құралын басқаруы уақытша тоқтатылған, осыған қарамастан ол негізгі қалааралық тас жолдың бойымен еркін және сенімді қозғалған.
Жоғарыда аталып өткен құқықбұзушылық үшін 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Cот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін көрсетіп, нөмірді өзі емес інісі орнатқанын, нөміріне қарамай басқарғанын, соттан қатаң жазаламауды сұрады
Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 590-б. 4-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып бір тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 19 мың теңгеден аса әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Лаура МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»