Бірінші күн. Бірлік пен экологиялық мәдениет тоғысқан республикалық жастар сенбілігі нәтижелі өтті
🔰 Іс-шараға облыстық, қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен қызметкерлері «Жасыл ел» еңбек жасақтарының волонтерлері, сондай-ақ Абай, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан келген жастар ресурстық орталықтарының өкілдері қатысты.
🌿 Сенбілік барысында «Қарахан» кесенесінің маңында орналасқан «Жерасты мешіті» тарихи нысаны аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, тарихи-мәдени мұраның айналасы абаттандырылды. Сондай-ақ, басқа да өңірлерден келген қонақтарға тарихи нысандар мен ескерткіштерге экскурсиялық шолу ұйымдастырылды.
🌿 Бұл бастама табиғатты аялаумен қатар, ұлттық мұрамызды құрметтеуге, жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және қоғамдық белсенділікті арттыруға бағытталған.