Basty bet

Мемлекеттік қызметтер қолжетімді қағидаттар негізінде көрсетіледі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
1. Көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де жағдаяттар бойынша қандайда бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
6. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес, «Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында стендте көрінетін жерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, халықтың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеп тұр. Әкімшілік ғимаратында «Электрондық үкімет» пен egov.kz порталдарында жұмыс істеуге тұрғындарды үйрету бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіледі. Тұрғындарға электрондық-сандық қолтаңбаны ашу қажеттігі және картрейдерді қолдану тәртібі түсіндіріліп, сондай-ақ, электрондық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері айтылып жеткізілуде.
Ауылдық округ әкімінің аппаратында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен мемлекеттік қызметтердің 5 түрі көрсетіледі.
1. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; (Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде).
2. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; (Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде).
3. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату; (Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде).
4. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою; (Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
5. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру; (Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде).
6. Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту; (Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде).
Байланыс мәліметтері: Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты. Мекенжайы: Көлтоған ауылы, Д.Қонаев көшесі №20, байланыс телефон нөмірі: 5-29-85.
Қабылдау демалыс және мейрам күндерімен басқа жұмыс күндері сағат 09:00-ден кешкі сағат 18:30-ға дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Боралдай ауылдық округі
әкімінің аппараты

Таңдаулы материалдар

Close