Basty bet
Азаматтардың банкроттығы туралы Заң қалай жұмыс істейді?
Егер банктік қарыз шарты бойынша борышкердің бұрын аукционға қойылған, бірақ сатылмаған жер учаскесі болса, оған бірнеше жыл бойы борышкерден атында салық 5 миллион теңге болып тұратын болса, сот банкроттығы аясында жүзеге асырғаннан кейін есептелген салық пен айыппұлдың тағдыры қалай шешіледі?
Егер бұл жер телімі сатылып, біраз қаражат жиналса, одан түскен ақша салық қарызын өтеуге жұмсалатын болса, қарыз жартылай төленіп, жерді сатудан түскен қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, банкроттық рәсімі нәтижесінде бұл қарыз есептен шығарылады.
Несие алушы банкроттыққа ұшырауы мүмкін бе?
Егер адам 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алса, онда ол банкроттық туралы арыз беруге құқылы.
Мұраға қалдырылған ортақ мүлік, ол да кепілге берілмеген жалғыз баспана болса, ол соттан тыс банкроттық рәсімін пайдалана алмайды. Тұрғын үй болмауы керек деген параметр бар, бұл жағдайда ол соттың банкроттық рәсімін қолдана алады.
Егер бұл тұрғын үй кепілге қойылмаған болса, онда несие беруші оны талап ете алмайды. Әрбір нақты жағдайда сотта заң жүзінде қаралады.
5,5 миллион теңгеден астам қарыздар болса, киім-кешек пен телефоннан басқа жылжымайтын және жылжымалы мүлік болмаса, сотқа банкроттық туралы арыз беруге бола ма? деген сұрақтар туындайды, бұл жағдайда банкрот деп тану туралы сотқа жүгінгенге дейін банкпен және микроқаржы ұйымдарымен есеп айырысу туралы дәлелдемелерді ұсыну қажет.
Банкроттық туралы заң жеке тұлғалар үшін банкроттық рәсімдерінің үш түрін қарастырады.
Соттан тыс банкроттығы;
Сот банкроттығы;
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру,
Барлық үш процедураны тек борышкердің өзі бастайды , кредитордың борышкерге бұл процедураларды қолдануға құқығы жоқ.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2022 жылы 30 желтоқсанда қол қойылды.
Аталған Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі – дейді Жуалы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Самат Ералиев.
Нұржан Манасұлы,
«Жаңа өмір»