Basty bet

Тазалық – баршаға ортақ іс!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бүгінде ел көлемінде кеңінен қолдау тауып, қоршаған ортаны қорғау мен санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған игі шаралардың біріне айналды. Бұл бастама азматтарды туған өлкесін таза ұстауға, табиғатты аялауға және экологиялық мәдениетті дамытуға үндейді.

Осынау игі бастаманы жалғастыру мақсатында өткен аптада Б.Момышұлы ауылының аумағында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Шараға аудандық әкімдіктің бөлімдері мен мекемелер, мемлекеттік қызметкерлер және жастар белсене қатысып, «Мәңгілік ел» саябағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікте әр ұжым мүшелері өздеріне бекітілген аумақ бойынша жол бойындағы арық-атыздарды қоқыстан тазартып, жасыл желектердің айналасын ретке келтірді. Бұдан бөлек, арнайы су тасымалдаушы техниканың көмегімен ағаштар суғарылып, қоқыстар толықтай шығарылды.
«Таза Қазақстан» акциясы – әрбір азаматқа қоршаған ортаны таза ұстаудың қаншалықты маңызды екенін ұғындыруға бағытталған бастама. Бұл тек бір реттік сенбілік емес, ұзақ мерзімді экологиялық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Президент айтқандай, ойдың да, бойдың да, қоршаған ортаның да тазалығын сақтау әр адамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші. Сондықтан тазалық халқымыздың болмысына сіңген қасиет болуы қажет.
Алдағы уақытта да мұндай сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылып, аудан тұрғындарының бірлескен еңбегі арқылы өңірдің экологиялық ахуалы жақсары түспек.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close