Basty bet

Қарияларға қамқорлық жасалуда

Мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының Парламент мүшелерімен «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» бағытындағы қайырымдылық шарасы аясында ауылдағы қарт кісілерге көмек көрсетілді. Мұндағы мақсат – балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, оқушыларды кішіпейілділікке, үлкеннің еңбегін бағалауға үйрету. Маңызды міндетіміздің бірі ол – қарттарға қамқорлық жасау.
Қайырымдылық пен адамгершілік қағидаттарын биік ұстап, кісілікті ту етіп, бір-бірлеріне деген жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту адамдарға тән қасиет. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» дейді дана халқымыз. Осы орайда мектептегі «Жас ұлан» ұйымының Парламент мүшелері ауылдағы қарттардың үйлеріне барып, өз көмектерін ұсынуды жалғастыру үстінде. Мектеп оқушылары бұл жолы ауылымыздың құрметті қариясы, бүгінде үйінде жалғыз тұратын қарт кісі Жолдас атаның шаңырағына барып, ер балалар қарт кісінің ауласының қарын тазалап, қыстық отынын дайындауға қол көмектерін берді. Сонымен бірге, балалар өмірден көрген-түйгені мол қария кісінің өнегелі өсиетті әңгімелерін тыңдап, ақ батасын алды.
Ұйымдастырылған іс-шара мектеп оқушылары мен жас жеткіншектерді еңбекқорлық пен ұйымшылдыққа үйретудің тиімді әдісі болғаны анық.

Айжамал Әуелбекова,
№11 Т.Тастандиев атындағы
орта мектептің аға тәлімгері.
Бәйтерек ауылы

Таңдаулы материалдар

Close