Basty bet

Жамбыл спортшылары Қызылордада жарқ етті: бір турнирде бірнеше алтын!

25–27 наурыз аралығында Қызылорда қаласында таеквондодан республикалық турнир өтіп, елдің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар өзара мықтыны анықтады. Алайда бұл додада ерекше көзге түскендердің бірі – Жамбыл облысының жас спортшылары болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жамбылдық таеквондошылар жарыс барысында жоғары дайындықтарын дәлелдеп, бірнеше салмақ дәрежесінде жүлделі орындарды иеленді. Әсіресе, алтын медаль жеңіп алған спортшылардың өнері көпшіліктің назарын аударды.

Жеңісқызы Жанерке (41 кг) – I орын
Арман Азиз (65 кг) – I орын

Күміс жүлдегерлер де намысты қолдан бермей, тартысты белдесулерде өз деңгейін көрсетті:
Жеңісұлы Абылай (26 кг)
Бахтияр Еркежан (28 кг)
Арман Абубәкір (42 кг)
Бөген Нұрәлі (36 кг)

Ал қола жүлде иегерлері де жарыстың көркін қыздырып, үздік үштіктен көрінді:
Доснияз Ариза (26 кг)
Асан Абылай (38 кг)
Доснияз Әмина (42 кг)
Бахтияр Ерсін (49 кг)

Таңдаулы материалдар

Close