Basty bet

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша 246 жоба іске асады

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша Жамбыл облысында 246 инженерлік-инфрақұрылымдық жоба іске асады. Жобалар 78 елді мекенді қамтиды. Бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова айтты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтің төрағалығымен өткен кеңесте басқарма басшысы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша есеп берді.
Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты. Экономикалық өсім 105,5 пайызды құрады.
Өнеркәсіп – 110,2, ауыл шаруашылығы – 107,5, құрылыс – 101,0, тұрғын үй көлемі – 101,5, сауда – 102,0, байланыс – 102,7 пайыз деңгейінде қалыптасты.
Облысқа 423,1 млрд.теңге инвестиция тартылды.
Өткен жылы өнеркәсіп саласында 859,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңінен 10,2 пайызға артты. Көрсеткіштің басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.
– 2020 жылдан бері облысымызда фармацевтика саласы қарқынды дамуда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 1,2 есеге өсті, – деді Гүлдана Жауынбекова.
2022 жылы өңірде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 82 елді мекенді қамтитын 149 жоба жүзеге асырылған.
– Жоба аясында 1 мектепке жапсарлас ғимараттың, 2 денешынықтыру–сауықтыру кешенінің, 1 мәдениет үйінің, 11 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп, 8 білім нысаны газбен қамтылды, – деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ 10 мектеп, 8 денсаулық сақтау нысаны, 6 мәдениет үйі күрделі жөндеуден, 146 шақырым ауылішілік көше жөндеуден өтті.
2022 жылы басталған 18 жобаның құрылысы 2023 жылға өтпелі нысандар болып жоспарланған десек, биыл аяқталатын болады.
Ал өткен жылы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін «Дипломмен-ауылға!» жобасы аясында 291 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие берілді.
Жергілікті бюджет есебінен 511 маманға біржолғы көтерме жәрдемақысы берілді.
Ағымдағы жылы аталған жобаны іске асыру үшін 204 маманға бюджеттік несие қарастырылса, 515 маманға біржолғы көтерме жәрдемақысын төлеу қарастырылуда.
Жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары бірқатар сала мамандарының есебін тыңдады. Нұржан Календеров мемлекеттік бағдарламаларды нәтижелі жүзеге асыруды, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін үнемі назарда ұстау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ 2024 жылдың бюджетін қалыптастыру бойынша тапсырма берілді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close