Basty bet

Заңсыз аңшылық жасаған

Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 382-б. 3-б. (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекет) бойынша И. азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, 2025 жылдың 3 шілдесінде, Жуалы ауданы, «Жуалы-Қарашат» ерекше қорғау табиғи аумағындағы «Тұтты» шатқалында заңсыз аңшылық жасаған. Тексеру барысында «Вепрь» және «Тигр» маркалы аңшы қарулары тәркіленген.
Өзінің айғақтарында, таныс малшысының қойларын тартып алып кетіп жүрген жабайы иттерді ату үшін барғанын, адасып ерекше қорғау табиғи аумағы кіріп кеткенін, нәтижесінде мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің инспекторларымен ұсталғанын айтқан.
Cот отырысында құқықбұзушы өз кінәсын толық мойындап, соттан қатаң жазаламауды сұрады.
Сот қаулысымен азамат И. ӘҚБтК-нің 382-б. 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған қаруды мемлекет пайдасына тәркілеумен 192 мың теңгеден аса айыппұл салу түріндегі жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген.
Л.Мұсабекова,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close