Basty bet

Ұлттық жобаның ұтымды тұстары көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздегі ең үлкен аса маңызды мәселе халықтың әл ауқатын көтеру екендігін баса айтты. «Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру. Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар: жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту; бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру; сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу», – деп атап өтті Президент. Осыған орай Жуалы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Зиядхан Бүрлібаевты сөзге тартқан едік.

– Зиядхан Рымбекұлы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында халықтың әл-ауқатын көтеру, әсіресе жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Осыған байланысты ауданда жұмыспен қамтудың кешенді шаралары қалай жүзеге асырылуда?
– Қазіргі таңда Жуалы ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында, өткен жылы ауданда 3634 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Есепті кезеңде 4388 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, ол 120,7 пайызға асыра орындалды. Атап айтсақ, оның 1921-і тұрақты жұмыс орынымен қамтылды. Ал 75-і кәсіптік қайта даярлау курсына, 31-і жұмыссыздарды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында оқытуға, 101-і онлайн оқытуға жолданды. 869-ы «Бастау Бизнес» жобасына қатысушылар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, сертификаттарға ие болды. Сөйтіп 177 адам грант иеленсе, 138 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 130 жас “Жастар тәжірибесі” бойынша жұмысқа жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 624 жұмыссыз тартылды. Алғашқы жұмыс орындарына 14 жас маман, «Күміс жас» жобасына 23 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 2 адам жолданды.
Мұның ішінде жалпы жұмыспен қамтылғандар 2852, оның 1921-і тұрақты жұмыс орындарымен, 931-і уақытша жұмыс орнымен қамтылды. Жалпы жұмыспен қамтылғандардың ішінде міндетті зейнетақы жарналары аударылғандардың үлесі 70,9 пайызды құрады. Бұдан бөлек, жоспарға сәйкес қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 75 адам қамтылса, оның 15-і құс өсіру, 15-і тракторшы, 15-і аспазшы, 10-ы көлік жүргізушісі, 10-ы электрогазбен дәнекерлеуші, 10-ы кондитер мамандықтарын алып шыққан.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 120 адамды орналастыру жоспарланып, 138 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданды. Уақытша жұмыс мерзімдері аяқталған 28 жұмыскерлердің – 24-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Жастар тәжірибесімен 177 жас маманды жұмысқа орналастыру қарастырылған, нәтижесінде 130 жас маман жұмысқа орналастырылды. Уақытша жұмыс мерзімдері аяқталған 16 жастың ішінде 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 620 адамды тарту жоспарланып, 624 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды. Уақытша жұмыс мерзімдері аяқталған 366 жұмыскердің ішінде 286 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Нәтижесінде әлеуметтік жұмыс орындарында, Жастар тәжірибесінде, ақылы қоғамдық жұмыстарды уақытша жұмыс мерзімдері аяқталған жалпы 410 жұмыскерлердің 323-і тұрақты жұмыспен қамтылып, ол 78,1 пайызды құрап отыр.
– Кәсіпкерлерді қолдау іс-шаралары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсеңіз.
– Соңғы жылдары жұмыс орындарын субсидиялауды қайтарымсыз қаржымен қамтуды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау шаралары бойынша атқарылған істер көп. Өткен жылдық жоспар бойынша кәсіпкерлік бастамашылыққа қайтарымсыз мемлекеттік гранттар 182 азаматқа берілуі жоспарланған. Ол үшін республикалық бюджеттен жалпы 231,5 миллион теңге қаралған. Есепті кезеңде грант беру бойынша жалпы 177 қатысушының бизнес-жобалары мақұлданды. Оның 124-ін жастар, 53-ін әлеуметтік осал топтағы азаматтар құрайды.
Қараша айында жалпы 124 адамға 151 миллион теңге көлемінде гранттар берілді. «Бастау Бизнес» жобасы аясында қатысушылар кәсіпкерлік негіздеріне өткен жылдың 25 шілдесінен бастап онлайн-режимінде оқытылып, 869 адам сертификатқа ие болды.
– «Жұмыс орындарын құру өңірлік картасы» бойынша Ұлттық жобасы аясында қандай іс-шаралар қолға алынуда?
– Ауданымызда Ұлттық жоба аясында 20 жобаны іске асыру көзделген. Болжам бойынша жоба шеңберінде 337 жұмыс орыны құрылмақ. Есепті кезеңде бұл жобалар бойынша мердігерлері анықталып, электрондық еңбек биржасына жалпы 390 вакансия жарияланды. Оның 120-сы тұрақты, ал 270-сі уақытша жұмыс орындары.
Жалпы жұмыспен қамтылғандар – 208 адам, жаңа жұмыс орындарында жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 63,8 пайызды құрады. Электрондық еңбек биржасы арқылы – 43, Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы-156 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналасты. Міндетті зейнетақы жарналары 81 жұмыскерге аударылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құрудың аудандық жоспары – 300, нақты – 296 орын құрылып, жоспарлық көрсеткіш 98,7 пайызға орындалған болатын.
– Өзіңіз білесіз, көптеген кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің басшылары жаңадан оқу бітіргендерге әлі тәжірибесі жоқ деп жұмысқа қабылдаудан бас тартады. Жаңа оқу орнын бітірген жастарда қайдан тәжірибе болады. Мүмкін, осыған байланысты жастарды дуальды оқытып, нарықтағы сұранысқа ие кәсіби мамандықтарға даярлауымыз керек шығар.
– Иә дұрыс айтасыз. Бұл аса өзекті мәселе қазір өңірдегі кәсіби колледж нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарға жастарды тәрбиелей бастады. Мәселен, Жуалы колледжінде сұранысқа қажетті мамандар дайындалуда.
Біз де «Алғашқы жұмыс орындары» бойынша 14 орын белгілеп, жоспарланған. Алайда жеке меншік секторындағы жұмыс берушілерге жалпы штаттық бірліктердің санынан 40 пайыз жұмыскерлерді жолдау талабын орындауға мүмкіндік болмады. Өйткені шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер салық органдарына тапсыратын декларацияларында жұмыскерлер санын азайтып көрсетуі себеп болды.
«Күміс жас» жобасына 23 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 2 адам жолданды.
– Ауданда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстары қалай жүзеге асырылуда?
– «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» бойынша алдыңғы жылдың 10 айында 939 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Ал өткен жылы 3792 адамы бар 706 отбасының өтініштері оң шешімін тауып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның ішінде шартсыз ақшалай көмекке – 367, шартты ақшалай көмекке – 3507 адам ие болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда АӘК алушы отбасылар саны өткен жылы – 233 отбасына азайған.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтама бір жастан үш жасқа дейінгі – 461, үш жастан алты жасқа дейінгі – 506 адамға берілді.
– Ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа тарту жайы қалай шешілуде?
– Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 8 тұрақты жұмыс орынға квота белгіленді, жалпы 5 адам жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында тиісті шаралар қабылданып, барлығы 76 азамат белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа – 45 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 17 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 7 адам, Жастар тәжірибесімен – 3 жас маман жолдама алды, қысқа мерзімді кәсіптік оқу – 4 адам қамтылды.
– Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан
Марат ҚҰЛИБАЕВ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close